×
482.33
557.57
5.74
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
482.33
557.57
5.74

Kinopark – Kinoplexx кинотеатр желілерінде бірнеше заңбұзушылық анықталды

Бүгін, 12:16
Kinopark – Kinoplexx кинотеатр желілерінде бірнеше заңбұзушылық анықталды
ЖИ / ulysmedia.kz

Алматыда Kinopark – Kinoplexx Theatres кинотеатрлар желісінің әрекеттерінен үстем жағдайды теріс пайдалану белгілерін анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Аталған желіде отандық киноөндірушілерге міндетті түрде жарнама бюджетiн төлеу талабы қойылған, ал аталмыш төлем жасалмаған жағдайда фильмдер кинотеатрларда көрсетілімге жіберілмеген. Мұндай талаптар бәсекелестікті шектеп, нарық субъектілерінің заңды құқықтарын бұзған, киноөндірушілердің кинопрокат нарығына кіруіне кедергілер жасап, отандық кинематографияның дамуын тежеген.

Осыған байланысты Kinopark – Kinoplexx Theatres компаниясына Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерінің бар екендігі туралы хабарлама жолданды.

НӘТИЖЕ

Хабарламаны қарау нәтижесінде анықталған бұзушылықтар жойылды. Атап айтқанда, міндетті жарнамалық шығындарды жүктеу тәжірибесі тоқтатылып, фильмдерді прокатқа шығару үшін талап етілген «кіру төлемдері» алып тасталды.

Сонымен қатар, хабарламаны орындау аясында қазіргі уақытта фильмдерді релиздер кестесіне енгізудің, сеанстар кестесін өзгертудің, фильмдердің прокатта болу мерзімдерін айқындаудың, сондай-ақ оларды көрсетілімнен алу шарттарының бірыңғай, ашық және кемсітусіз тәртібін белгілейтін жария регламент әзірленіп жатыр. 

Серіктес жаңалықтары