×
482.33
557.57
5.74
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
482.33
557.57
5.74

Алматы полициясында жантүршігерлік жол апатынан кейін ішкі тексеріс басталды

Бүгін, 15:35
Алматы полициясында жантүршігерлік жол апатынан кейін ішкі тексеріс басталды
gov.kz

Алматыда үш адам қаза тапқан жол апатынан кейін полицияда тек жүргізуші емес, өз қызметкерлеріне де қатысты тексеріс басталды. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің басшысы Айдын Қабдулдинов мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

– Полиция қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр. Олардың әрекетіне нақты құқықтық баға беріледі. Егер кінәсі дәлелденсе, ең қатаң шаралар қабылданады, – деді Қабдулдинов тұрғындармен кездесуде.

Апатқа себеп болған Zeekr көлігі көше жарысына қатысқан болуы мүмкін. Бейресми ақпаратқа сәйкес, бұл іске ішкі істер органдарындағы адам қатысы бар деген күдік айтылып жатыр. Атап айтқанда, полиция департаменті басшысының орынбасары Ержан Өзабаевтың аты аталады.

Алайда полиция бұл ақпаратты ресми түрде растаған да, жоққа шығарған да жоқ.

Серіктес жаңалықтары