×
482.33
557.57
5.74
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
482.33
557.57
5.74

Путин Ресейден ақша мен алтын шығаруды шектемек

Бүгін, 15:46
Путин Ресейден ақша мен алтын шығаруды шектемек
Фото: АР

Ресей президенті Владимир Путин Еуразия экономика одағы елдеріне қолма-қол рубль мен алтын шығаруға шектеу енгізетін жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

Жарлыққа сәйкес, 1 сәуірден бастап жеке тұлғаларға 100 мың долларға тең сомадан асатын рубльді Ресейден алып шығуға, ал кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – сомасына қарамастан толық тыйым салынады.

Ерекше жағдайда қаражатты халықаралық әуежайлар арқылы шығаруға рұқсат етіледі. Алайда ақша иесінің банк шотынан ақша алынғанын растайтын құжаты болуы тиіс.

Сондай-ақ 1 мамырдан бастап жеке және заңды тұлғаларға, сондай-ақ жеке кәсіпкерлерге 100 грамнан асатын алтын құймасын Ресейден шығаруға тыйым салынады. Алтынды тек Мәскеудің (Внуково, Домодедово, Шереметьево) және Владивостоктың (Кневичи) әуежайлары арқылы арнайы рұқсатпен алып шығуға болады. Ол үшін Ресей федералдық талдау палатасынан алынған рұқсат құжаты болуы шарт. Жеке кәсіпкерлерге ЕАЭО-нан тыс елдерге алтын алып шығу үшін де енді осы құжат қажет болады.

Жарлықта Ресейден ақша мен алтын алып шығудың мұндай ерекше тәртібі "ұлттық қауіпсіздік пен ұлттық мүддені қорғау" мақсатында енгізілгені жазылған.

 

Еуразия экономика одағына Ресейден өзге Армения, Беларусь, Қазақстан мен Қырғызстанға мүше.

 

Серіктес жаңалықтары