×
481.83
556.8
5.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
481.83
556.8
5.85

Трамп Иранға қарсы әрекеттері жоспарлағаннан тез жүріп жатқанын мәлімдеді

Бүгін, 08:05
Трамп Иранға қарсы әрекеттері жоспарлағаннан тез жүріп жатқанын мәлімдеді
© AP Photo / Alex Brandon

АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтонның Иранға қарсы әскери әрекеттері жоспарланған мерзімнен жылдам жүріп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл туралы ол 26 наурызда 28 ақпанда басталған қақтығыстан кейін өткен министрлер кабинетінің алғашқы отырысында айтты.

Трамптың айтуынша, бастапқыда тапсырманы орындауға төрттен алты аптаға дейін уақыт бөлінген.

- Біз миссиямызды орындауға шамамен төрттен алты аптаға дейін уақыт кетеді деп болжаған едік. Ал 26 күннің ішінде біз жоспардан өте, өте, өте қатты озып кеттік, — деді ол.

Президенттің пікірінше, қазіргі жағдай АҚШ-тың пайдасына қалыптасып отыр.

КЕЛІССӨЗДЕР

Трамп сондай-ақ ықтимал келіссөздер бастамасы Тегераннан шығып отырғанын айтты.

— Келісімге келуді мен емес, олар өтініп отыр, — деді америкалық көшбасшы.

Оның сөзінше, Иран тарапы келісімге мүдделі, алайда мұны ашық мойындауға дайын емес.

ИРАННЫҢ ҰСТАНЫМЫ

Сонымен қатар, Иран өкілдері АҚШ-пен қандай да бір келіссөздердің жүріп жатқанын жоққа шығарады. Алайда Вашингтонда келісімге келу мүмкіндігі әлі де бар деп санайды. АҚШ-тың арнайы өкілі Стив Уиткофф Иранның диалогқа дайын екеніне «елеулі белгілер» бар екенін атап өтті. Оның айтуынша, америкалық тарап Пәкістан арқылы Тегеранға 15 тармақтан тұратын жоспар жолдаған.

Серіктес жаңалықтары