×
481.83
556.8
5.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
481.83
556.8
5.85

Қарағандыдағы пәтерлердің бірінен әйел мен қыздың мәйіті табылды

Бүгін, 09:53
Қарағандыдағы пәтерлердің бірінен әйел мен қыздың мәйіті табылды
Фото: ашық дереккөзден

Қарағанды қаласындағы пәтерлердің бірінен әйел мен оның кәмелет жасқа толмаған қызының мәйіті табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

Оқиға 26 наурызда Крылов көшесіндегі көп қабатты үйлердің бірінде болған. Пәтерден 38 жастағы әйел мен оның 12 жастағы қызының мәйіті табылған.

«Олардың денелерінде зорлық белгілері қалған. Болған оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды», – деп хабарлады Қарағанды облыстық полиция департаменті.

Полиция мәліметінше, күдіктінің кім екені белгілі. Қазір оны ұстау амалдары қолға алынған. Марқұмның көршілерінің айтуынша, оларды әйелмен бірге тұрған ер адам өлтірген болуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары