×
481.83
556.8
5.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
481.83
556.8
5.85

Прагада «Орыс үйін» молотов коктелімен атқылаған

Бүгін, 15:37
Прагада «Орыс үйін» молотов коктелімен атқылаған
Reuters

Прагада белгісіз адамдар «Орыс үйіне» молотов коктелін лақтырып, шабуыл жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

26 наурыз күні кешкісін белгісіз адамдар Прага қаласындағы Ресей ғылым және мәдениет орталығы («Орыс үйі») ғимаратына жанғыш қоспасы бар бөтелкелер лақтырған. Бұл туралы Чехия полициясы X әлеуметтік желісінде хабарлады.

Хабарламаға сәйкес, зардап шеккендер жоқ. Қасақана мүлікті жою дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілерді іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Орыс үйінің» басшысы Игорь Гиренко ғимаратқа алты дана жанғыш қоспасы бар бөтелке лақтырылғанын айтты. Олардың үшеуі ғимараттың ішіне — кітапхана бөлмесіне түскенімен, жарылмаған, қалғандары өртеніп, дер кезінде сөндірілген. Сондай-ақ ғимараттың терезелері сынған.

Гиренконың пікірінше, шабуыл 27 наурызға жоспарланған орыс мәдениеті күндерінің қорытынды іс-шарасына орайластырылған болуы мүмкін. Алайда ол бұл әрекетке кімдердің қатысы болуы мүмкін екенін нақтыламады.

 

 

Серіктес жаңалықтары