×
481.83
556.8
5.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
481.83
556.8
5.85

"Ешкім де жауапкершіліктен жалтара алмайды. Заң бәріне ортақ" - Ержан Саденов

Бүгін, 16:43
"Ешкім де жауапкершіліктен жалтара алмайды. Заң бәріне ортақ" - Ержан Саденов
Ulysmedia.kz коллажы

Ішкі істер министрі Ержан Саденов Алматыда болған ірі жол апатына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.

Министр оқиғаның барлық мән-жайын жеке бақылауына алғанын айтып, кінәлілер жазаланатынын жеткізді.

- Бұған дейін хабарлағандай, факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті жүргізушіге сот санкциясымен қамауға алу бұлтартпау шарасы қолданылды. Ол заңның бүкіл қатаңдығымен жазаланады, — деді министр Facebook парақшасында.

Медициналық тексеріс көрсеткендей, күдіктінің денсаулығына ешқандай қауіп жоқ, оны тергеу изоляторына орналастыруға болады. Айта кетейік, апат болған түнде ол мас болғаны анықталды. 

Сонымен қатар басқа да заң бұзушылықтардың болуы туралы уәждер бойынша қылмыстық істер қозғалды, деді Ержан Саденов.

- Бірқатар басшылар атқарып отырған қызметтерінен босатылды. Барлығына құқықтық баға берілетінін ерекше атап өтемін. Ешкім де жауапкершіліктен жалтара алмайды. Заң бәріне ортақ, - дейді ол.

Министрдің бұйрығымен Алматы қаласы полиция департаментінің сыртқы қызметтер мен жол қауіпсіздігін қадағалайтын орынбасары, оған қоса әкімшілік полиция мен қоғамдық қауіпсіздік басқармаларының басшылары өз қызметтерінен босатылды.

Сондай-ақ, полиция департаментінің бір орынбасарының жүргізушісі, сержант Әсет Жақсылықов уақытша ұстау изоляторына орналастырылды.

Журналист Козачковтың мәліметінше, ол Александр Пакпен дос болған. 

- Пакқа қатысты тағы бір қылмыстық іс қозғалды — заңсыз мемлекеттік нөмірлерді пайдалану дерегі. Оның екінші ZEEKR көлігінде 100QR02 нөмірі тұрған, бұл нөмірлер мемлекеттік машиналарға арналған. Ол оны қайдан алғаны тексеріліп жатыр, бәлкім сол досы арқылы, - дейді Козачков.

Қазір ҚР ҚК 370-бабының 4-бөлімі бойынша қызметтік әрекетсіздігі үшін оған 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Авторы: Ақлима Джақсыбекова

Серіктес жаңалықтары