×
482.53
555.44
5.92
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
482.53
555.44
5.92

Алматы тауларында бес жасөспірім адасып кетті

Бүгін, 10:18
Алматы тауларында бес жасөспірім адасып кетті
Pixabay.com

Алматы тауларында бес жасөспірім жоғалып кетті. Оларды іздеу жұмыстары "112" нөміріне хабар түскеннен кейін басталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Жасөспірімдердің бірінің әкесінің айтуынша, 2009 жылы туған балалар топ болып тауға шығып, Құмбел шыңына көтерілген. Кейін олар шамамен үш мың метр биіктікте орналасқан "Үш ағайынды" шыңы маңына түсіп, қайтуға бет алған. Сол сәтте олармен байланыс үзілген. Ер адам бірден көмек сұраған, себебі оның ұлы тыныс демікпесімен ауырады.

Іздестіру жұмыстарына Алматы ТЖД құтқарушылары, "Барыс" республикалық құтқару қызметінің қызметкерлері және Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері дереу шықты. Шамамен бір сағаттан кейін құтқарушылар жасөспірімдерді байқап, олардың іздеу тобына дейінгі арақашықтығы шамамен бір жарым шақырым болған.

Осы уақытқа дейін балалардың бірінде демікпе ұстамасы басталған. Ол қар көлігімен эвакуацияланып, дәрігерлерге тапсырылды. Қалған жасөспірімдер құтқарушылармен бірге Көк Жайлау бағытына жаяу түсіп, кейін қалаға жеткізілді.

Зардап шеккен жасөспірімге алғашқы медициналық көмек реанимобиль ішінде көрсетіліп, ингаляция жасалды. Одан кейін ол үйіне жеткізілді. Құтқарушылардың мәліметінше, барлық бес жасөспірім табылған, олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

Серіктес жаңалықтары