×
482.53
555.44
5.92
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
482.53
555.44
5.92

Шалқарда төбелес кезінде жасөспірімді өлтірген күдіктілер ұсталды

Бүгін, 12:01
Шалқарда төбелес кезінде жасөспірімді өлтірген күдіктілер ұсталды
Ulysmedia коллажы

Ақтөбе облысы Шалқар ауылында 17 жастағы жасөспірімің өліміне байланысты үш күдікті ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Қайғылы оқиға 20 наурыз күні түнде болды. Жастартардың арасында жанжыл шығып, арты төбелеске ұласқан. Сол кезде 17 жастағы Әлихан Жәнібековтің жүрек тұсына жақын жерден пышақпен жарақаттаған. Оқиғадан кейін төбелескендер қашып кеткен, ал жараланған жасөспірімді сол жерде қалған. Оны сол маңнан өтіп бара жатқан адам көріп қалған. Ер адам жасөспірімді ауруханаға жеткізуге тырысқанымен, ол жол үстінде қайтыс болған.

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, іс "Қастандықпен өлтіру" және "Топ болып заңсыз әрекет жасау" баптары бойынша тергеліп жатыр. Үш күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сондай-ақ, тергеу кезінде төбелеске қатысқан өзге адамдар мен куәгерлер анықталған. Арнайы тергеу тобы құрылды.

КОНТЕКСТ

Еске салайық, бұған дейін 17 жастағы Әлихан Жәнібековтің әкесі жергілікті билікке үндеу жасаған еді.

Ол облыс әкіміне, өңір прокурорына және полиция департаментінің басшылығына істі жан-жақты әрі әділ тергеп, кінәлілердің барлығын жауапкершілікке тартуды сұрады.

 

Серіктес жаңалықтары