×
482.53
555.44
5.92
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
482.53
555.44
5.92

Қазақстан семсерлесуден өткен өз алаңындағы Әлем кубогын бір медальмен аяқтады

Бүгін, 17:58
Қазақстан семсерлесуден өткен өз алаңындағы Әлем кубогын бір медальмен аяқтады
Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті

Қазақстанның семсерлесу бойынша шпагашылар құрамасы Астанада өткен Әлем кубогындағы өнерін қорытындылады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бағдарламаның соңғы түрі ретінде ерлер арасындағы командалық жарыстар өтті.

Қазақстандықтар үшінші орын үшін матчқа дейін жетті. Эльмир Алимжанов, Никита Жулинский, Вадим Шарлаимов және Александр Федотов қола медаль үшін Жапониямен сынға түсті.

Тартысты өткен кездесуде Жапония құрамасы екі ұпай айырмасымен жеңіске жетті — 44:42. Қазақстан құрамасы төртінші орын алды.

Осылайша, турнир қорытындысы бойынша Қазақстан бір медальмен шектелді. Бір күн бұрын Руслан Курбанов жекелей сында күміс жүлдеге ие болған еді.

Серіктес жаңалықтары