×
482.53
555.44
5.92
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
482.53
555.44
5.92

Шымкент дәріханаларындағы егу бөлмелерінде төрт адам қайтыс болған

Бүгін, 17:10
Шымкент дәріханаларындағы егу бөлмелерінде төрт адам қайтыс болған
ЖИ

Шымкентте жеке дәріханалардың жанында жұмыс істейтін егу бөлмелерінде қажетті медициналық көмек көрсетілмей, төрт науқас қайтыс болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Шымкент бойынша департаменті басшысының орынбасары Полат Бердалиевтың айтуынша, өткен жылы қалада жекеменшік дәріханалардағы егу бөлмелерінде жедел жәрдем келгенге дейін 4 өлім жағдайы тіркелген, деп жазды Қазинформ.

Аталған деректер бойынша заңды тұлғалардан түскен шағымдар негізінде департамент пен полиция бірлесіп 13 жоспардан тыс тексеру жүргізген.

– Анықталған кемшіліктерге байланысты 14 әкімшілік хаттама толтырылды. Егу бөлмелерінің иелерін жинап, департаментте түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Оларға қызметтерін заң талаптарына сәйкестендіру қажеттігі ескертілді. Атап айтқанда, анафилактикалық жағдай туындаған кезде егу бөлмесінде жедел медициналық көмек көрсету мүмкіндігі болуы тиіс. Бұл үшін тиісті лицензия болуы қажет. Сонымен қатар, дәрігерге дейінгі білікті көмек көрсету талап етіледі. Нәтижесінде талапқа сай келмеген 12 егу бөлмесінің жұмысы тоқтатылды, - деді ол баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ зейнетақы қоры қаражатын пайдалану мәселесіне байланысты қаладағы 34 стоматологиялық клиника тексерілген. Кемшіліктер бойынша 51 хаттама толтырылып, айыппұл салынды. Тексеру барысында кейбір мекемелердің лицензиясыз немесе мамандардың тиісті сертификатсыз қызмет көрсетіп отырғаны белгілі болды.

Бұдан бөлек, полициямен бірлесіп жүргізілген тексерулер барысында бөлшек саудадағы дәріханаларда психотропты препараттарды заңсыз сату бойынша 25 дерек тіркеліп, хаттамалар толтырылды. Сонымен қатар нашақорлықпен ауырып, емделуден бас тартқан 10 науқас жауапқа тартылды.

 

Серіктес жаңалықтары