×
482.53
555.44
5.92
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
482.53
555.44
5.92

Назарбаевтың тоқалы жұртты жаңа суреттерімен тамсандырды

Бүгін, 10:04
Назарбаевтың тоқалы жұртты жаңа суреттерімен тамсандырды
фото: instagram

Желіде Назарбаевтың тоқалы Әсел Исабаеваның жаңа фотосессиясынан суреттер жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Суреттерді отандық және шетелдік брендтермен жұмыс істейтін белгілі фотограф Мирас Баянов түсірген.

«Мен үшін әрдайым өнерге жақын болу маңызды еді. Әсіресе, оның жалғасы боп жүрген жандардың жанында жүру ерекше мәнге ие. Ғажайып @assel_issabayeva_ менің көзқарасыммен», – деп жазды фотограф.

Желі қолданушылары Исабаеваның сұлулығына тамсанып, мақтауын асырып жатыр.

«Қандай әдемі едіңіз!»,  «Ғажап!», «Ғажайып Әсел. Нәзік бола тұра, қайсар. Көзінде – нұрлы жанның ізі бар. Театр үшін, академия үшін, өнерге де, адамға да сенім сыйлағаныңызға рахмет» делінген жазба астындағы пікірлерде.

Әсел Исабаева кім?

Әсел Исабаева – «Astana Ballet» театрының арт-менеджері. Театр сайтында ол өнер ұжымын құрушылардың бірі және хореографиялық бағыттың негізгі концепциясының авторы деп көрсетілген. Жұрт таңдай қағып жатқан суреттер осы театрдың сахнасында түсірілгенін аңғаруға болады.

Ашық дереккөздерге қарағанда, Исабаева  Astana Ballet театрындағы қызметінен бөлек, Қазақстандағы көркем гимнастиканы қолдау және дамыту қорының жетекшісі.

Назарбаевпен неке

Көпшілік Исабаеваны экс-президент Назарбаевтың тоқалы ретінде таниды. Әсел және екі ұлы – Тауман мен Байкен туралы Назарбаев алғаш рет өзінің «Менің өмірім. Бодандықтан - бостандыққа» атты кітабында жазды.

 «...Әңгімені ұзарта беріп қайтейін. Мұсылман жолымен некемізді қидырдық. Әсел маған екі перзент – алтын асықтай екі ұл сыйлады. 2005 жылы Тауман, 2008 жылы Бәйкен дүниеге келді. Жасым алпыстың бел ортасына келгенде әке болу қуанышы, перзент сүю бақыты басыма қайта қонды. Балаларымның тәй-тәй басқаны, тілі шыққаны мен ойнағаны, екеуінің былдырлап сөйлегені, ойыншықтарымен алып, көтеріп жүретінім, мектепке барғанын, әріптерді танығанын қызықтағанымыз, жұмыстан келгенімде алдымнан жүгіре шығатындары... Мұның бәрі жаңа астана салудың қиын-қыстау кезеңін жеңілдеткендей де еді. Осыларды ойласам, ет жүрегім елжіреп сала береді. Тегінде, адам баласына ең басты бақытты, ең баянды бақытты бала ғана, перзент қана бере алатын болса керек», – деп жазды экс-президент өз мемуарында.

Сондай-ақ Назарбаев Әсел Исабаевамен алғаш рет Талдықорғанда, ол ұшақ трапында гүлмен қарсы алған кезде танысқаны жайлы тебіреніспен жазған еді:

«Бір жолы Талдықорғанға бардым. Өңірлерге ондай сапарларда мемлекет басшысы траптан түскенде гүл шоғымен қарсы алатын. Ондай рәсімге сол өңірдің көз тартар көрікті бойжеткендерін тандайтыны белгілі ғой. Көзіміз де, көңіліміз де үйренген. Көз суарып, көңіл бітеумен тынасың. Әйтсе де сол жолғы әсерім бөлекше. Әуежайда гүл шоғын ұсынған бойжеткен аса әдемі еді. Оттай жанған жанары да, аппақ жүзі де, талшыбықтай мүсіні де көпке дейін көз алдымнан кетпей жүрді. Сондайда, ақын Қадырдың сөзімен айтқанда, "жүректі жетпісте де қартайтпаған, сезімді сексенде де ортайтпаған" сері Ғабеңді және де мұндай жағдайды басынан кешкен басқа да белгілі тұлғаларды қалай еске алмассың?».

Кейін бойжеткен 1999 жылы өткен «Мисс Қазақстан» сұлулық байқауында бас жүлдені жеңіп алған. Сол жылы Лондонда өткен Miss World байқауында Қазақстанның намысын қорғаған.

Сұхбаттарының бірінде ол балерина болуды армандағанын және хореографиялық училищеде білім алғанын айтқан.

Серіктес жаңалықтары