×
482.53
555.44
5.92
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
482.53
555.44
5.92

Шетелде соғысқа қатысқандардың жазасы жеңілдеуі мүмкін - ІІМ

Бүгін, 14:21
Шетелде соғысқа қатысқандардың жазасы жеңілдеуі мүмкін - ІІМ
Ulysmedia.kz коллажы

Ішкі істер министрлігі шетелде соғысқа қатысқандардың жазасын жеңілдетуді қарастыруға дайын, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҰСЫНЫСТАР ЗЕРТТЕЛДІ

Министрлік Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік қарулы қақтығыстарға қатысқаны үшін қылмыстық жауапкершілігін жеңілдету, сондай-ақ олардың елге оралғаннан кейін құқықтық, психологиялық және әлеуметтік оңалтуына бағытталған кешенді мемлекеттік бағдарламаны әзірлеу жөніндегі ұсыныстарыңызды зерделеп шыққан.

ҰҚК ҚҰЗЫРЕТІНДЕГІ ДҮНИЕ

ІІМ мәліметінше, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне сәйкес Қылмыстық кодекстің 170–172-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құзыретіне жатады. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстердің жаңа редакцияларын әзірлеп жатыр.

ЕҢБЕК МИНИСТРЛІГІМЕН ЖҰМЫС

Аталған жұмыс шеңберінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп, көрсетілген адамдарды әлеуметтік оңалту бойынша кешенді мемлекеттік бағдарламаны әзірлеу мәселесі қарастырылуы мүмкін. Сонымен бірге Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 907 қаулысымен бекітілген Үкіметтің заң шығару жұмысы қағидаларының 4 және 9-тармақтарына сәйкес орталық мемлекеттік органдардың мұндай сипаттағы заңнамалық бастамалары реттеушілік саясаттың консультативтік құжатын әзірлеуді және Үкіметтің келісілген ұстанымын қалыптастыруды талап етеді.

ІІМ ҰСЫНЫСТЫ ҚАРАСТЫРУҒА ДАЙЫН

Өз кезегінде Ішкі істер министрлігі уәкілетті органдар әзірлеген тиісті түзетулерді Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе Парламент депутаттарының заңнамалық бастамасы тәртібінде қарауға қатысуға дайын екенін жеткізді.

ДЕПУТАТ НЕ ҰСЫНЫП ЕДІ? 

Еске салайық, Депутат Жарқынбек Амантайұлы соғысқа қатысып, елге оралғандарды қатаң жазаламауды ұсынған болатын. Айта кетейік, 2025 жылы шетелдегі соғысқа қатысып, қайтып келген 26 азамат сотталған болатын. 

Серіктес жаңалықтары