×
474.04
555.01
6.45
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.04
555.01
6.45

Әнші Гүлнар Сиқымбаеваның ұлы жоғалып кетті

30.03.2026, 18:08
Әнші Гүлнар Сиқымбаеваның ұлы жоғалып кетті
Ulysmedia.kz коллажы

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Гүлнар Сиқымбаеваның жалғыз ұлы Баир Сиқымбаев із-түзсіз кеткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Желідегі ақпарат бойынша, бір аптадан бері Баир Сиқымбаев ешқандай хабар жоқ.

Жақындарының айтуынша, ол ерекше дауысы бар, көрікті әрі талантты азамат.

- Енді Баир қайда жүр екен? Келіншегі журналистерден көмек сұрапты. Менің қырағы оқырмандарым, әншінің жалғыз ұлын бірге іздейік. Мына ақпаратты бөлісіңіздер, көпшілікке таратып, суреттегі азаматты көрсеңіздер хабарласыңыздар деп жұдырықтай жұмылып іздейікші, – деп жазды журналист Жазира Бегалы. 

Ашық дереккөздегі ақпарат бойынша, Баир 24 наурызда Алматыдағы Коперник көшесіндегі үйінен шығып, оралмаған. Үстінде қара спорттық киім болған.  

Серіктес жаңалықтары