×
481.54
553.24
5.93
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
481.54
553.24
5.93

Америка «Болашақпен» оқығысы келетіндерге виза бермей жатыр

Бүгін, 14:37
Америка «Болашақпен» оқығысы келетіндерге виза бермей жатыр
Ulysmedia.kz коллажы

Қазақстандық студенттердің АҚШ-та білім алу мүмкіндігі азайып барады. Бұған негізгі себеп – виза шектеулері. Кейбір жағдайларда «Болашақ» бағдарламасына іріктелген үміткерлердің 30 пайызына дейін виза берілмейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді.

НЕГІЗГІ СЕБЕП

Министрдің айтуынша, мәселе талапкерлер санының азаюында емес, виза саясатының қатаңдауына байланысты болып отыр.

- Жалпы мұндай үрдіс байқалады. Бұл ең алдымен оқуға түсушілер санына емес, визалық шектеулерге байланысты, – деді ол.

Виза берілмеген жағдайда билік студенттердің оқу бағытын жедел түрде өзгертуге мәжбүр. Яғни, оларды басқа елдердегі университеттерге бағыттау қарастырылып жатыр.

ТУРИСТІК ВИЗАНЫ ДА АЛУ ҚИЫНДАҒАН

АҚШ Мемлекеттік департаментінің дерегіне сәйкес, 2025 жылы B1/B2 (туристік) визасына өтініш берген әр екінші қазақстандықтың өтініші қанағаттандырылмаған.

Дәлірек, виза бермеу көрсеткіші 51,75 пайызға жеткен.

АҚШ САЯСАТЫ

Еске салайық, бұған дейін АҚШ 75 елге иммиграциялық виза беруді тоқтатқаны белгілі болған еді. Оның ішінде Қазақстан да бар

Серіктес жаңалықтары