×
481.54
553.24
5.93
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
481.54
553.24
5.93

Атырау мұнай өңдеу зауытына жарты млрд айыппұл салынды

Бүгін, 16:13
Атырау мұнай өңдеу зауытына жарты млрд айыппұл салынды
Ulysmedia.kz коллажы

Атырау мұнай өңдеу зауыты атмосфераға зиянды заттарды нормадан тыс шығарғаны үшін 540 млн теңге айыппұл арқалады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Айыппұл толық өндіріліп алынған.

Тексеру Атырау тұрғындарының ауадағы күкіртсутек иісіне байланысты жаппай шағымдарынан кейін басталған. Экология департаменті зауытта жоспардан тыс тексеріс жүргізіп, үш әкімшілік хаттама толтырған.

СОТ ШЕШІМІ

Сот шешімімен зауытқа 520 млн теңге көлемінде айыппұл салынған.

Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары Әлібек Бекмұхаметовтің айтуынша, зауыт бұл шешіммен келіспей, жоғары тұрған органға шағым түсірген, алайда ол қанағаттандырылмаған.

ТЕКСЕРІС

Тексеру 16 ақпанда аяқталған. Мамандар күкіртсутектен бөлек, күкірт диоксиді, көміртек оксиді және азот оксиді бойынша да нормадан асу фактілерін анықтаған. Осы бұзушылықтар үшін зауытқа қосымша 20 млн теңге айыппұл салынған.

Серіктес жаңалықтары