×
478.77
548.62
5.87
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
478.77
548.62
5.87

Күштік құрылымдар дарынды жастарды іздей бастайды

Бүгін, 11:48
Күштік құрылымдар дарынды жастарды іздей бастайды
Ulysmedia.kz коллажы

Мәжіліс депутаттары палатаның пленарлық отырысында арнайы мемлекеттік органдардың қызметіне қатысты түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“БІЛІКТІ МАМАНДАРДЫ ІЗДЕЙМІЗ”

Депутат Болат Керімбектің сөзінше, әрбір азаматтың жеке деректері, қаржысы және күнделікті цифрлық өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету – аса өзекті мәселе.

- Бұл міндеттерді тиімді іске асыру заманауи цифрлық құзыреттері мен аналитикалық қабілеттері бар жоғары білікті мамандарсыз мүмкін емес. Сондықтан заң жобасында IT саласындағы дарынды жастар мен қабілетті мамандарды арнайы мемлекеттік органдарға қызметке тарту тетігі ұсынылып отыр. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, IT-мамандарды тартудың икемді тәсілдері мемлекеттік институттарға инновацияларды жедел енгізуге және цифрлық дамудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді, – деді Керімбек.

Сонымен қатар, заң жобасында дағдарыс жағдайларына ден қою кезінде, сондай-ақ төтенше жағдай және әлеуметтік сипаттағы төтенше ахуал енгізілген кезде ұлттық қауіпсіздік органдарының өкілеттіктерін нақтылау ұсынылған. Бұл түзетулер «Төтенше жағдай туралы» заңға сәйкестендіру мақсатында енгізіліп отыр.

Серіктес жаңалықтары