Қазақстанда мемлекеттік құпияларды қорғау күшейтіліп, экстремизмге қатысты талаптар қатаңдатылады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ЗАҢ ЖОБАСЫ
Мәжіліс арнайы мемлекеттік органдар туралы заң жобасын қабылдады. Құжатта төтенше жағдай кезінде қызметтердің өкілеттіктері нақтыланып, мемлекеттік құпияларды қорғау күшейтіледі, сондай-ақ экстремистік материалдарды сақтауға тыйым енгізіледі.
ОҚУ ОРНЫ
Сонымен қатар, заңда әскери және арнайы оқу орындарына түсу кезінде жетім балаларға, үздік оқушыларға және олимпиада жеңімпаздарына басымдық беру тәртібі реттелген.
МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰПИЯ
Бұдан бөлек, мемлекеттік құпияларды қорғау талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік күшейтіліп, Мемлекеттік күзет қызметінің жедел әрекет ету мүмкіндігі арттырылады.