Бизнес бастау оңай шаруа емес. Кәсіп ашқысы келетіндердің бірі тәжірибе мен білімнің аздығынан қиналса, енді біріне қаражаттың аздығы кедергі. Шағын және орта бизнес экономиканың негізгі қозғаушы күші болғандықтан, мемлекет кәсіп бастаушыларды ынталандырудың түрлі тетігін ұсынып отыр.
Ulysmedia.kz Қазақстанда өз ісін ашқысы немесе дамытқысы келетіндерді қолдауға бағытталған бағдарламалар топтамасын ұсынады.
400 АЕК-КЕ ДЕЙІНГІ ГРАНТТАР
Елімізде бизнесті несиесіз бастау әбден мүмкін – бірқатар жобаларды мемлекет пен түрлі қорлар гранттар арқылы қаржыландырады. Мұндай қаражат мақсатқа сай жұмсалса, қайтару талап етілмейді.
Мәселен, жаңадан кәсіп бастаушыларға арналған ең кең таралған қолдау тетіктерінің бірі – 400 айлық есептік көрсеткішке дейінгі (шамамен 1,7 млн теңге) мемлекеттік гранттар.
Өтінім Business.enbek.kz порталы арқылы қабылданады. Бағдарлама кәсіпкерлікке енді қадам басқандарға арналған. Оған:
Грант бір рет беріледі және шағын бизнесті іске қосуға бағытталған. Қаражатты құрал-жабдық, техника, шикізат сатып алуға немесе қызмет түрін дамытуға жұмсауға болады.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, былтыр әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру үшін 400 АЕК-ке дейінгі көлемде 9 239 грант берілген.
«БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ»: 5 МЛН ТЕҢГЕГЕ ДЕЙІНГІ ГРАНТТАР
Ірі жобалар үшін «Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы бар. Ол жаңа жұмыс орындарын құруға және экономиканың басым секторларын дамытуға бағытталған. Бағдарлама субсидиялар, гранттар, несие кепілдіктері және білім беру жобалары арқылы іске асады. Оған:
Бағдарлама шеңберінде кәсіпкерлер жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін 2 млн-нан 5 млн теңгеге дейін грант ала алады.

Жобалар бірнеше критерий бойынша бағаланады:
Әдетте үміткер толыққанды бизнес-жоспар дайындап, жоба құнының шамамен 10%-ын өз қаражатынан салуы тиіс.
Өтінімдер Qoldau цифрлық платформасы арқылы қабылданады.
BUSINESS QOLDAU ИННОВАЦИЯЛЫҚ ГРАНТТАРЫ
Кәсіпкерлерді қолдау орталықтары өткізетін байқауларға да қатысуға болады. Соның бірі – Business Qoldau бастамалары.
Кәсіпкерлер басым салалардағы жобаларды дамыту үшін 2 млн-нан 10 млн теңгеге дейін грант ала алады.
Жобаларды іріктеу бірнеше кезеңнен тұрады:
Осы кезеңдерден сүрінбей өткен үміткердің жобасы қаржылай қолдауға ие болады.
QAZINNOVATIONS ГРАНТТАРЫ
Қазақстандық стартаптар QazInnovations ұлттық инновациялар агенттігінің гранттарына да үміткер бола алады.
Мысалы, технологияларды коммерцияландыру бағдарламалары аясында өнімді дамыту және нарыққа шығару үшін 20 млн теңгеге дейін қаржы бөлінеді.
Бұл гранттар негізінен IT, ғылым және инженерия салаларындағы технологиялық жобаларға бағытталған.

Өтінім беру үшін жоба мына талаптарға сай болуы қажет:
«ДАМУДЫҢ» ҚОЛДАУЫ
Кәсіпкерлер бизнесін дамытып, қаржылық жүктемені азайтуға қолдау алу мақсатында «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ немесе «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры сияқты кәсіпкерлікті қолдау институттарына жүгіне алады.
«Даму» қоры кәсіпкерлерге максималды сомасы 15 млрд теңге, 5 жыл мерзімге дейін несие түрінде қолдау көрсетеді. Қарыз алушы үшін пайыздық мөлшерлеме 6%-дан 10%-ға дейін, бизнес санаты мен бағдарлама шарттарына байланысты белгіленеді.

Қолдау мына кәсіпкерлерге арналған:
«ҮМІТ» БАҒДАРЛАМАСЫ
Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау бағдарламалары белсенді түрде дамып келеді. 2024 жылы «Даму» қоры іске қосқан «Үміт» бағдарламасы әйелдер бизнесін қаржыландыруға бағытталып отыр. Бағдарлама аясында инвестиция мен айналым қаражатын толықтыру үшін жылдық 16,5% мөлшерлемемен, мерзімі 7 жылға 100 млн теңгеге дейінгі қарыз ұсынылады.
Бұған қоса, елімізде әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталықтары жұмыс істейді. Бұл орталықтарда әйелдерге кеңес беру, оқыту, қаржыландыруда қолдау көрсету, сондай-ақ табысты кәсіп жүргізу үшін маңызды дағдыларды дамытуға көмек көрсетіледі.
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР
Елімізде кәсіпкерлікті дамыту мен бизнес-орта сапасын жақсартуға бағытталған халықаралық бағдарламалар да жұмыс істейді. Мысалы, БҰҰ-ның Даму бағдарламасы энергетикалық тиімділік және жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларға бағытталған. Ал АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) жобасы Орталық Азияда, соның ішінде Қазақстанда бизнесті қолдауға арналған.
Бұл бағдарламалар әртүрлі міндеттерді шешуді көздейді. Мәселен, осал топтарды экономикаға интеграциялау мен компанияларды халықаралық нарықтарға шығару мәселелері. Қолдау кімдерге беріледі:
КРАУДФАНДИНГ ЖӘНЕ БИЗНЕС-ИНКУБАТОРЛАР
Краудфандинг кәсіпкерлерге жобаны жүзеге асыру үшін қаражат жинауға көмектеседі. Ол үшін арнайы платформалар арқылы қарапайым адамдардан қаражат тартуға болады. Мысалы, Kickstarter және Indiegogo кәсіпкерлерге өз идеяларын кең аудиторияға ұсынып, көпшілік арасынан қаржыландыруды тартуға жағдай жасайды. Бұл үшін стартаптар өз өнімін немесе қызметін, сондай-ақ табысты болған жағдайда компанияның үлесін ұсынуы мүмкін. Кейбір жобалар (әдетте, әлеуметтік маңызды жобалар) қайырымдылық ретінде қаражат тартады.

Қаржылық қолдауды стартап экожүйесі арқылы да алуға болады. Мәселен, Astana Hub халықаралық технопаркі технологиялық компанияларға арналған акселерация және инкубация бағдарламаларын жүзеге асырады.
Мұндай бағдарламаларға қатысушылар:
Кей жағдайда үздік жобалар қосымша гранттық қаржыландыруға немесе инвестиция тартуға мүмкіндік алады.