×
475.09
551.06
5.87
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
475.09
551.06
5.87

Дәулет Тұрлыхановтың ұлы бостандыққа шықты

Дәулет Тұрлыхановтың ұлы бостандыққа шықты
Коллаж: Ulysmedia.kz

Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат түрмеден шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мәліметінше, депутаттың ұлы бостандыққа шыққан.

Азамат сот тағайындаған жаза мерзімін толық өтегеніне байланысты босатылды, – делінген хабарламада.

НҰРАСЫЛ БОЛАТТЫҢ ІСІ

2023 жылдың 11 ақпанында әскери қызметкер Нұрасыл Болат Алматыдағы түнгі клубтың жанында ерлі-зайыпты Анна мен Олег Черновтарды ұрып-соққан болатын.

2023 жылдың қазан айында Алматы гарнизонының әскери соты депутаттың ұлына 1 млн 720 мың теңге айыппұл салған. Бұдан басқа, жәбірленушілердің пайдасына 1 млн теңге мөлшерінде моральдық өтемақы және өкілдің қызметтеріне ақы төлеу бойынша 1,6 млн теңге сомасында шығын өндірілді. Зардап шеккен тараптың адвокаттары судьяның шешімімен келіспей, шағым түсіріп, ған бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған.

Осылайша, бірнеше инстанцияда қаралған іс жоғарғы сотқа жетіп, қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Нұрасыл Болатқа екі жыл бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындаған. Сондай-ақ, моральдық зиянды өтеу сомасы әрқайсысына 1 млн теңгеге дейін ұлғайтылған.

Бұған дейін Депутат Дәулет Тұрлыханов пробациялық бақылауда жүрген ұлының мәселесіне байланысты журналистердің сұрақтарына жауап берген. Ол ұлының денсаулығына алаңдайды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Тәртіпке бағынған құл болмайды: Депутат Тұрлыхановтың ұлы ешкімнен артық емес

Серіктес жаңалықтары