×
475.09
551.06
5.87
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
475.09
551.06
5.87

“Қазір өлең жазатын жағдайда емеспін”: Рэпер Qarakesek аялдама жуып жүр

Бүгін, 13:22
“Қазір өлең жазатын жағдайда емеспін”: Рэпер Qarakesek аялдама жуып жүр

Qarakesek лақап атымен танымал рэпер Омар Амантаев көшеде қоқыс жинап, аялдама жуып жүр. Есірткіні заңсыз сақтады деп айыпталған 
танымал рэпер сот белгілеген қоғамдық жұмысқа кірісті, деп хабарлайды Ulysmedia.

МӘН-ЖАЙ

Омар Амантаев бүгін басқа да көше тазалаушы қызметкерлермен бірге аялдама жуып жүр. Рэпер видеосыз қысқа сұқбат беруге келісті. 

– Мұндай жұмысты бірінші рет істеп тұрмын. Берілген жұмысты істеймін. 

– Өмірдегі Омар мен сахнадағы Qarakesek -те айырмашылық бар ма?

– Жоқ. Барлық өлеңдерім өмірден алынған. Соңғы “Сахара” әнім өз өмірім туралы.

– “Детдом” әнінің сіздің өміріңізге қатысы бар ма?

– Жоқ. Бұл әннің маған қатысы жоқ. Басқа адамның өмірі туралы. Шүкір, ата-анам бар. 

– Әлеуметтік желіде парақшаңыз бар ма?

– Жоқ. Ол маған керек емес. Әртіс болу менің мақсатым емес. Шығарған өлеңім өтіп кетті. Солай танылды. Қазақша рэпермін. Әндерімнің бәрі белгілі бір жағдайға байланысты шықты. Қазіргі уақытта ән шықпай жатқаны менде айтатын ештеңе жоқ. Өзімде қателік көп болған соң ешкімге ештеңе айта алмаймын. Осы жағдай бітсін, сосын кірісемін. Қазір өлең жазатын жағдайда емемпін. 

– Сізді әлі де өнерден көреміз бе?

– Өлең айту үшін де көңіл күй мен ішкі дайындық қажет. Мені қиын кезде қолдағандарға алғыс айтамын. Менен үміт үзбеңіздер. Менің қателігімді қайталамаңыздар. Аман болыңыздар”,-деді ол.  

“Ақтөбе билігі рэперге таза көшелерден жұмыс берді ма?” деген сұрағымызға мердігер компания өкілі оның белгіленген аумақтың бәрінде жұмыс істеп жүргенін айтты. 

– Заречный-1, Заречный-3 тұрғын алаптарында көше тазалығына жауаптымыз. 18 қызметкерім бар. 100-ден аса көше бар. Барлық көшелерді қоқыстан тазалаймыз. Омар секілді сотпен жіберілген жұмысшы бірінші рет. Ол 26 наурыздан бері жұмысқа шықты, – деді  “Damu life” мердігер компаниясының басшысы  Жандос Ерекешов. 

КОНТЕКСТ

Айта кетейік, Ақтөбе полициясы Омар Амантаевты өткен жылы есірткіге масаң күйде ұстап, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырды. 15 күн қамауда отырды. Кейін ҚК-тің 296-бабы 3-бөлігі есірткіні заңсыз сақтау бойынша айыпталды. Сот үкімімен 100 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылды. 

Рэп орындаушысының төрт баласы бар. Үлкені 7 жаста, кішісі 1 жасқа толмаған. 

Серіктес жаңалықтары