×
472.31
543.72
5.86
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
472.31
543.72
5.86

Ыстық нан денсаулыққа зиян, асқазаныңызды құртып алмаңыз

Ыстық нан денсаулыққа зиян, асқазаныңызды құртып алмаңыз
Фото: Depositphotos.com

Белгілі экономист Сапарбай Жобаев жаңа піскен ыстық нан денсаулыққа зиян екенін айтады.Ташкент нан зауытының директоры болып жұмыс істеген тұста ол бұған көз жеткізген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жұбаев қазақ халқында нанға деген құрмет жоғары екенін айта келе, оны тұтыну мәдениетінде ғылыми негіздер ескеріле бермейтінін жеткізді. 

- «Біз бала кезімізден тандырдан шыққан жаппа нанды бірден майға батырып жеп өстік. Бұл өте дәмді болғанымен, ғылыми тұрғыдан алғанда денсаулыққа зиян», – дейді ол.

АШЫТҚЫНЫҢ ӘСЕРІ

Жобаевтың айтуынша, ыстық нанның зияны оның құрамындағы ашытқыға байланысты. 

- «Нан әлгі қамыр тұрыш, “дрожжи” арқылы жасалады. Ол өте белсенді биологиялық қоспа. Тіпті нан зауыттарындағы тот баспайтын үлкен үш тонналық чандарды да “жеп” қояды. Мен себебін технологтардан сұрайтын едім, олар бұл ашытқыныңы әсерінен деп айтатын», – деп түсіндірді ол.

Нан өндірісінде арнайы технологиялық талаптар бар. Ол жерде нанды неше сағаттан кейін сатуға болатыны да жазылған.

- «Мемлекеттік стандарт (ГОСТ) бойынша бөлке нанды 16 сағат қоймада ұстап, толық суытқаннан кейін ғана дүкенге жіберетінбіз. Ал жаппа нан, “лепешка” дейміз ғой, тез суығандықтан  8 сағаттан кейін сатуға рұқсат берілетін», – деді маман. 

ГАСТРИТТІҢ КӨБЕЮІ

Бұрын технолог мамандардың айтқаны барлық жерде тарқатылып, медициналық кеңес берілетін. Бүгін пісірілген нан тек келесі күні ғана саудаға түсетін болған. Алайда кейін «ыстық нан» маркетингі пайда болып, бұл талаптар ескерусіз қалған. 

- «Кеңес дәуірінің соңында «ыстық нан» сату тәжірибесі пайда болды. Алайда технологтар бұл үрдіске қарсы шығып, тоқтатуға тырысты. Кезінде Шарманов та бұл мәселеге ашық қарсы болып, соттатамын деген. Ыстық нанды жеудің асқазанға зияны бар. Орта Азия елдерінде гастриттің көп таралуының себептерінің бірі де осы», – деді Сапарбай Жобаев.

ӘЙЕЛДЕРДЕГІ АНЕМИЯҒА НЕ СЕБЕП?

Сарапшы тек нан емес, тамақтану кезіндегі басқа да әдеттерге назар аударуды атап өтті. Оның айтуынша, тамақтан кейін бірден шай ішу де ағзаға кері әсер етеді. 

- «Тамақтан кейін шай ішу сол тағамдағы ең қажетті, қанды жақсы айналдырып, сапасын арттыратын пайдалы заттарды шайдың құрамындағы пектин деген нәрсе тежеп қояды екен. Соның салдарынан, егер біз бала кезден қалыптасқан әдет бойынша тамақтан кейін үнемі шай ішетін болсақ, өкінішке қарай, бұл Орта Азия республикаларында, әсіресе қыздар мен әйелдер арасында анемияның пайда болуына себеп болуы мүмкін.», – дейді Жобаев.

Оның сөзінше, осыған байланысты қоғамдық тамақтану орындарында шайды тамақтан кейін бірден емес, кемінде 45 минут немесе бір сағаттан соң беру тәжірибесі де болған.

Сапарбай Жұбаев халықты қалыптасқан әдеттерге сын көзбен қарап, денсаулыққа зиянды дағдылардан бас тартуға шақырды. 

- «Ыстық нан мен тамақтан кейінгі шайды шектеу керек. Бұл медицинада да, технологияда да дәлелденген нәрсе», – деп түйіндеді ол.

Серіктес жаңалықтары