×
470.46
543.1
5.86
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
470.46
543.1
5.86

Әйелін шәкіртіне «сыйлап» жіберген: «Имамнан» сұхбат алған журналист ашуланып жатыр

Әйелін шәкіртіне «сыйлап» жіберген: «Имамнан» сұхбат алған журналист ашуланып жатыр
Коллаж: turkystan.kz

Журналист Жанар Байсеміз әлеуметтік желіде өзіне бағытталған сын-пікірлерге жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ОЛ НЕГЕ АШУЛЫ?

Оның айтуынша, дін өкілі Құрбанәлі Ахметпен жүргізген сұхбаттан кейін қоғамда түрлі көзқарастар көбейген. Осыған байланысты журналист кейбір пікір білдірушілердің асыра сілтеп жатқанын атап өтті.

Арнайы дайындалып, толыққанды сұхбат беремін. Қазір кейбіреулер тым асығып бара жатыр. Жөнсіз тиісудің қажеті жоқ. Болған іске сын айтушылар көп, бірақ “неге олай демеді, неге бұлай сұрамады” деп ақыл айту орынсыз, – деді ол.

КОНТЕКСТ

Еске сала кетейік, қазақстандық имам Құрбанәлі Ахмет Жанар Байсемізге берген сұхбатында екінші әйелін өзінің сұрауымен шәкіртіне қосқанын айтқан еді. Сондай-ақ ол әйелін қайын атасы «сыйлағанын» және оны бірінші әйелінің рұқсатынсыз алғанын мәлімдеген. Екінші әйелінен бес баласы бар.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: ҚМДБ әйелдерінің бірін шәкіртіне «сыйлап жіберген» «имам» туралы мәлімдеме жасады

Құрбанәлі Ахметтің айтуынша, біраз уақыттан кейін отбасында жанжал туындап, екінші әйелі ажырасуға ниет білдіріп, басқа адамға тұрмысқа шығатынын айтқан. Осыдан кейін ол әйелін өзінің шәкірттерінің біріне тұрмысқа берген.

Айта кетейік, бүгін Мәжіліс отырысында Ермұрат Бәпи осы мәселеге байланысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жұмысын қайта қарау қажет екенін мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары