Түркістан облысында зорлау ісіне байланысты сотта жалған айғақ берген жәбірленуші әйел мен оның адвокаты қылмыстық жауапкершілікке тартылып, бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ЖӘБІРЛЕНУШІ ЖАУАБЫНАН НЕГЕ БАС ТАРТТЫ?
Облыстық прокуратураның мәліметінше, Сарыағаш аудандық соты адвокатқа қатысты Қылмыстық кодекстің 420-бабы 2-бөлігі (сотта көрінеу жалған айғақ беру) бойынша үкім шығарған.
Тергеу барысында жәбірленуші соттағы басты талқылау кезінде бұрын берген шынайы жауабынан бас тартып, күдіктіні жауапкершіліктен құтқару мақсатында әдейі жалған мәлімет бергені анықталған. Кейін арнайы прокурорлар жүргізген тексеру нәтижесінде әйелді мұндай әрекетке оның адвокаты итермелегені белгілі болған.
АДВОКАТЫ АЙДАП САЛҒАН
Бұған дейін жәбірленуші азаматша өзін зорлағаны туралы іспен басты сот талқылауы барысында күдіктіні қылмыстан жалтарту мақсатында бастапқы шыншыл жауабынан бас тартып, көрінеу жалған айғақ берген.
Сәйкесінше арнайы прокурорлар жәбірленуші азаматшаға қатысты ҚК-нің 420-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп, нәтижесімен соңғыны мұндай әрекетке адвокаты айдап салғанын анықтаған, — делінген прокуратураның хабарламасында.
2026 жылғы 18 ақпандағы сот үкімімен адвокат 5 жылға, ал жәбірленуші 6,5 жылға бас бостандығынан айырылды.