×
470.46
543.1
5.86
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
470.46
543.1
5.86

Үкімет жұмыс істейтін жастарға арналған жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасын тоқтатып тастады

Үкімет жұмыс істейтін жастарға арналған жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасын тоқтатып тастады
Фото: egemen.kz

Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Facebook желісіндегі парақшасында жұмыс істейтін жастарға арналған жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы жөнінде маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«ӘДІЛЕТСІЗДІК БОЛАР ЕДІ...»

Аида Балаеваның айтуынша, тұрғын үй мәселесі – жас отбасылар мен мамандар үшін ең маңызды мәселенің бірі. Премьер-министрдің орынбасары осыған байланысты бағдарлама қалай жүзеге асырылғанын түсіндірді.

Бұл бағдарлама Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істейді. Оның нақты мақсаты – белгілі бір мерзімге жас мамандарға қолжетімді баспана беру, сондай-ақ өз үйін сатып алу үшін бастапқы жарнаға қаражат жинауына ықпал ету. Ай сайынғы жалдау ақысы өте қолжетімді – 5000 теңге мен 15 000 теңге аралығында болды.

Бағдарлама 10 мыңнан астам жас қазақстандықты қамтыды. Бағдарлама шарттары бастапқыда келісімшарт арқылы бекітіліп, кезеңдер бойынша параметрлер нақтыланды. Соның ішінде тұрғын үй беру мерзімі өзгерді. Бұл ретте негізгі қағидат өзгеріссіз қалды: яғни, тұрғын үй сатып алу құқығынсыз жалға берілді.

Бұл ретте кейбір азаматтардың пәтерді өздерінде қалдыруға ниет білдіргенін жақсы түсінеміз.

Алайда мемлекеттік шешімдер Заңға және барлығына бірдей ережелерге негізделуі керек. Егер келісімшартта, ережелерде сатып алу қарастырылмаған болса, онда оны өзгерту – басқа азаматтар мен қатысушылар үшін әділетсіздік болар еді, - дейді Аида Балаева.

НОРМАЛАРҒА ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР

Премьер-министрдің орынбасары мемлекеттің жастарға ұдайы қолдау көрсететінін атап өтті. Айтуынша, қосымша жаңа, тұрақты бағдарламалар ұсынылды. Мәселен, "Отбасы банкімен" бірлесіп 17 өңірде жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалар іске қосылды. Соның аясында 12 мыңға жуық жас маман жаңа пәтерге ие болды. Оның 1,6 мыңнан астамы жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасының қатысушылары.

Сондай-ақ жас азаматтар "Отау" және "Наурыз", "Наурыз Жұмыскер" республикалық бағдарламалары арқылы баспаналы болды. Бүгінгі таңда барлық мақұлданған өтінімдердің 62 пайызы 35 жасқа дейінгі азаматтарға тиесілі.

Осы ретте Аида Балаева 2026 жылғы 9 қаңтарда Құрылыс кодексіне қол қойылғанын атап өтті. Оған қоса заңнамаға, соның ішінде жастар саясаты бойынша жекелеген тетіктерді реттеуге байланысты нормаларға өзгерістер енгізілген.

Соған сәйкес, 2026 жылғы 27 наурыздағы бұйрық негізінде "Жұмыс істеп жүрген жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжай беру қағидаларын бекіту туралы" бірқатар бұйрықтың күші жойылып, жұмыс істейтін жастарға арналған жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы тоқтатылады. Босатылатын тұрғын үй қорын одан әрі пайдалану мәселесі тұрғын үй заңнамасына және белгіленген кезекке сәйкес шешілетін болады, бұл жергілікті атқарушы құрылымдардың құзыретінде, - деп жазды Аида Балаева Facebook-те.

МАҢЫЗДЫ МӘЛІМДЕМЕ

Сондай-ақ ол қазіргі жалға алушыларға қатысты маңызды мәлімдеме жасады.

Айтуынша, жалдау мерзімі аяқталғандар шарт талаптары мен бекітілген тәртіп шеңберінде әрекет етуі керек. Жалдау мерзімі кейін аяқталатындар келісімшарт аяқталғанға дейін пәтерде тұра алады.

Премьер-министрдің орынбасары барлық сұрақтар бойынша әкімдіктер мен "Отбасы банктен" кеңес алуға болатынын айтты.

Мәселені кейінге қалдырмай, ипотекалық бағдарламаларға қатысу мүмкіндіктерін алдын ала бағалау маңызды. Біз тұрғын үй мәселесін шешуге бағытталған жұмысты жалғастыра береміз, - делінген жазбада.

Серіктес жаңалықтары