×
470.46
543.1
5.86
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
470.46
543.1
5.86

Павлодарда жаңа туған сәбиін сатпақ болған әйел ұсталды

Павлодарда жаңа туған сәбиін сатпақ болған әйел ұсталды
Фото: Polisia.kz

Павлодарда 23 жастағы келіншек туған сәбиін сатпақ болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ

Polisia.kz сайтының мәліметінше, Түркістан облысында 23 жастағы әйел жүктілігінің соңғы кезеңінде әлеуметтік желілер арқылы болашақ сәбиін сатып алатын адамдарды іздеген. Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері оның бұл заңсыз әрекетін дер кезінде әшкерелеп, қылмыстық жоспарын толық құжаттап, күдіктіні ұстады.

Әйел босанғаннан кейін небәрі үш күндік нәрестені ақшаға бермек болған сәтінде қолға түсті. Полицияның жедел әрі кәсіби іс-қимылының арқасында сәбиге төнуі мүмкін ауыр және қайтымсыз қауіптің алдын алу мүмкін болды.

ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ?

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жаңа туған қыз бала дәрігерлердің бақылауында, оның өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. Тергеу барысында болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Соңғы құқықтық баға заңға сәйкес беріледі, - дейді Павлодар облыстық ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Ғабит Қабдрахманов.

Қазіргі таңда жаңа туған қыз бала дәрігерлердің бақылауында. Оның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы жан-жақты тексеріліп, заң аясында тиісті құқықтық баға беріледі. Полиция адам саудасының кез келген түрі, әсіресе балаларға қатысты қылмыс қатаң түрде тоқтатылатынын ерекше атап өтті.

Серіктес жаңалықтары