×
470.46
543.1
5.86
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
470.46
543.1
5.86

Ақмолада «Шөптікөл» дамбысы жарылды

Бүгін, 07:42
Ақмолада «Шөптікөл» дамбысы жарылды
фото: ашық дереккөзден

Қорғалжын ауданында бөгет бұзылып, су республикалық маңызы бар жолды шайып кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

БӨГЕТ ҚАЙДА ОРНАЛАСҚАН?

ТЖМ  мәліметінше, гидротехника нысаны Сабынды ауылынан солтүстікке қарай 2 шақырым жерде орналасқан. Бқгет бұзылуы салдарынан су алқаптар арқылы елді мекенге жайылып, «Астана — Қорғалжын» республикалық маңызы бар автомобиль жолының 75-шақырым тұсын кесіп өтті. Дегенмен, су жолдың жүру бөлігіне өткен жоқ дейді төтеншеліктер.

ЖЕДЕЛ ШАРАЛАР

Қазіргі уақытта ахуалды тұрақтандыру бағытында жедел шаралар жүргізілуде. Жұмысқа 43 бірлік арнайы техника мен 170 адам тартылған. Инертті материалдарды дайындау және оларды жеткізу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп жатыр.

«Аталған учаскеде үш көзді су өткізу құбыры қалыпты режимде жұмыс істеп, судың толық көлемде кедергісіз өтуі қамтамасыз етілді. Жол жамылғысы бүлінбеген, көлік қозғалысы штаттық режимде жүргізіліп жатыр», - делінген "ҚазАвтоЖол" хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары