×
470.46
543.1
5.86
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
470.46
543.1
5.86

Елде жаңа конституцияны жаппай түсіндіру науқаны басталады

Бүгін, 10:43
Елде жаңа конституцияны жаппай түсіндіру науқаны басталады
Ашық дереккөзден

Үкімет ҚР Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Қазақстан Республикасының Үкіметі 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті.

Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.

«Құжат Конституцияның негізгі ережелерін түсіндіру бойынша жүйелі жұмысты ұйымдастыруға, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, Негізгі Заң ережелерінен туындайтын заңнамалық шараларды жүзеге асыруға бағытталған.

Жоспар үш бағыт бойынша 36 іс-шараны қамтиды: ұйымдастыру шаралары, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары және Конституцияның орындалуын құқықтық қамтамасыз ету», - делінген қаулыда.

Атап айтқанда, ұйымдастырушылық іс-шаралар аясында Конституция мәтінін басып шығару және тарату, оның ішінде мүгедектігі бар адамдар үшін бейімделген форматта әзірлеу. Конституция электронды платформаларда орналастырылады.

Сондай-ақ ғылыми-сараптамалық қамтамасыз ету, ақпараттық-көрнекі безендіру, тақырыптық материалдар шығару, көрме және ағартушылық жобаларын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарланған.

«Халықтың құқықтық мәдениеті мен құқықтық сауаттылығын қалыптастыру ісіне көңіл бөлінуде. Жоспарға оқыту семинарлары мен білім беру іс-шараларын өткізу, мектеп және ЖОО бағдарламаларының мазмұнын жаңарту, «Құқық негіздері» және «Заң мен тәртіп» курстарын, әдістемелік материалдар мен балалар басылымдарын әзірлеу кіреді», - делінген құжатта.

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында бірқатар іс-шаралар мен кешенді медиа-жоспар әзірленді.

Серіктес жаңалықтары