×
470.46
543.1
5.86
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
470.46
543.1
5.86

Авторы белгісіз картина Ван Гогқа тиесілі болуы мүмкін

Бүгін, 12:30
Авторы белгісіз картина Ван Гогқа тиесілі болуы мүмкін
Фото: artforintrovert.ru

Венгрияда  авторы белгісіз картинаға ғылыми сараптама жүргізіліп жатыр. Ең қызығы, бұл Винсент ван Гог туындысы болуы мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Будапешттегі кескіндеме зертханасына шетелдік коллекционерден бірнеше топтама түскен. Олардың бірі мамандардың назарын аударып отыр. Зертхана жетекшісі өнертанушы Жофия Вегвари бастаған топ кенепті, грунтты және бояуларды алдын ала зерттеп, жұмыстың шамамен 1885-1890 жылдарға, яғни Ван Гог шығармашылықпен айналысқан кезеңге жататынын анықтады.

Бір тақырыпты бірнеше нұсқада салған

Картинаның композициясы Винсент ван Гогтің 1888 жылғы «Арльдегі би залы» туындысына өте ұқсас. Бұл шығарма Музей Орсе қорында сақтаулы. Вегвари сипаттамасына қарағанда, туынды алғаш қарағанда осы сюжеттің тағы бір нұсқасы сияқты көрінеді.

Винсент Ван Гог «Арльдегі би залы» 1888 года, музей Орсе

Сарапшы Ван Гогтың ағасы Теоға жазған хаттарында бір тақырыпты бірнеше нұсқада салу әдеті болғанын еске салды, сондықтан мұндай көріністің «екінші нұсқасының» пайда болуы теориялық тұрғыда мүмкін.

Зертхана жетекшісі әзірге авторды расталды деп айтуға ерте екенін, зерттеу жалғасып жатқанын атап өтті. Қазір мамандар картина материалдары мен стиліне қарай «Ван Гогқа тиесілі болуы мүмкін» деген тұжырыммен шектеліп отыр, ал нақты қорытынды кешенді сараптама аяқталғаннан кейін жасалады.

Ван Гогтың өмірі жұмбаққа толы.

Айта кету керек, бүгінде Винсент ван Гогтің картиналары жүздеген миллион долларға сатылады. Әлемдегі ең танымал суретшілердің бірі.

Бірақ өз заманында бағаланбаған. Ол суретпен кәсіби түрде небәрі 10 жыл ғана айналысты. Соның өзінде 2 мыңнан астам туынды салып үлгерді.

Ал көзінің тірісінде тек бір ғана картинасы сатылған.

Ван Гогтың өмірі жұмбаққа толы. Өмірді өзгеше түстермен бейнелеген суретшіні өз заманы «жынды» деп қабылдап, психиатриялық ауруханаға жатқызған. Жанын түсінетін дос таба алмағандықтан, ол өз құлағын кесіп, кейін өзіне қол жұмсады деген деректер бар.

Суретші небәрі 37 жыл өмір сүрді. Бірақ оның ішкі әлемін інісі Теоға жазған 800-ге жуық хатынан тануға болады.

Серіктес жаңалықтары