×
470.46
543.1
5.86
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
470.46
543.1
5.86

Кешіккен қарызы қордаланған банктер тізімі шықты

Бүгін, 12:54
Кешіккен қарызы қордаланған банктер тізімі шықты
коллаж Ulysmedia

Қазақстан банктерінде 90 күннен асқан мерзімі өткен қарыздардың (NPL90+) үлесі бір жылда 0,6%-ға өскен. Кейбір қаржы ұйымдарында «кешіктірілген» қарыздардың көлемі 7%-дан асады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Мерзімі өткен қарыздар көбейді

Halyk Finance аналитикалық орталығының соңғы банктік сектор шолуына сәйкес, 2026 жылғы ақпанда Қазақстан банктерінде 90 күннен астам мерзімі өткен қарыздардың (NPL90+) үлесі 3,9%-ға жеткен. Ал 2025 жылғы ақпанда бұл көрсеткіш 3,3% болған.

Мерзімі 30 күн немесе одан да көп кешіктірілген қарыздардың үлесі 5,1%-ға өскен (бір жыл бұрын – 4,3%). Қазақстан банктеріндегі бір айдан астам мерзімі өткен қарыздардың жалпы көлемі 2 трлн 188 млрд теңгені, ал үш айдан асқан мерзімі өткен қарыздардың көлемі 1,6 трлн теңгеден асып кеткен.

Қарызды кім қайтармай жатыр?

Halyk Finance сарапшылары кейбір банктерде «кешіктірілген» қарыздардың көп екенін атап өтті.

Бірінші эшелон банктері:

  • Bereke Bank – 7,6%
  • Alatau City Bank – 7,4%
  • Home Credit Bank – 6,8%
  • Kaspi Bank– 6,0%
    Осы төрт банктің жұмыс істемейтін қарыздарының жалпы көлемі 746 млрд теңгені құрап, сектордағы барлық жұмыс істемейтін қарыздардың 44,4%-ын құрайды.

Екінші эшелон банктері:

  • ВТБ Банкі –  9,4%
  • БНК Банкі –  8,2%
  • KMF Банк –  6,0%
  • Заман-Банк – 5,4%
  • Нұрбанк –  5,2%
    Бұл банктердегі 90 күннен астам мерзімі өткен қарыздардың жалпы көлемі 45,5 млрд теңгені құрап, сектордағы барлық жұмыс істемейтін қарыздардың 2,7%-ын құрайды.

Кредиттік тәуекел ең төмен банктер:

  • Бірінші эшелонда –  Отбасы Банкі мен Ситибанк
  • Екінші эшелонда – Шинхан Банк пен Қазақстандағы Қытай Банкі
Серіктес жаңалықтары