×
470.46
543.1
5.86
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
470.46
543.1
5.86

Әшімбаев Каринның алдын орады - сарапшылар арасындағы сауалнама

Бүгін, 16:38
Әшімбаев Каринның алдын орады - сарапшылар арасындағы сауалнама
коллаж Ulysmedia

Жыл басындағы қызу саяси пікірталастарға қарамастан, Орталық саяси және әлеуметтік зерттеулер институты саяси элитаның 2026 жылғы І тоқсандағы рейтингін жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Рейтинг 2009 жылғы наурыз айынан бастап сарапшылар бағалауымен анықталады. Бағалау 1-ден 7-ге дейінгі шкала бойынша жүргізіледі, мұндағы 1 – параметрдің ең төменгі көрсеткіші, 7 – ең жоғары көрсеткіші. Бұл жолғы сауалнама 2026 жылғы 29 наурыздан 3 сәуірге дейін өтті. Оған 29 сарапшы қатысқан.

Көш басында Қошанов

2026 жылғы I тоқсан рейтингі жыл басындағы қызу саяси науқанға қарамастан, көшбасшылық жағынан тосын жағдай туғызған жоқ. Рейтингте бірінші орынды үшінші тоқсан қатарынан Ерлан Қошанов басқаратын Мәжіліс Парламенты ұстап тұр. Сонымен бірге бір жағдайға назар аударған жөн – референдум мемлекеттік органдардың орналасуына және олардың басшыларының беделін бағалауға әсерін тигізді.

Екінші орын Елорда еншісінде

Екінші орынды Жеңіс Қасымбек басқаратын Астана қаласы әкімдігі сақтап қалды (4,82 балл). Сарапшылардың бағалауынша, бас қала әкімі мен оның әкімдігі 4,82 балл алған, ал 2025 жылғы IV тоқсанда бұл көрсеткіш 4,72 балл болған. Бірінші тоқсан қорытындысы бойынша, бас қала әкімі беделінің көрсеткіші айтарлықтай өскен (2025 жылғы IV тоқсанында 4,79 баллдан 2026 жылғы I тоқсанда 5,00 баллға дейін). Бір жағынан, Ж.Қасымбек мықты қала басшысы ретінде қалыптасқан имиджін сақтап отыр: «Аймақ әкімдері рейтингінде №1», «өз орнында және көрініп тұрғандай, қала иесінің рөлін жақсы жағынан меңгеріп келеді». Ал екінші жағынан, конституциялық бум сарапшылардың оның саяси мансабына қатысты күткен үмітін арттырды: «Премьер-министр лауазымына үміткер».

Үшінші орынға Сенат шықты

Маулен Ашимбаев басқаратын Сенат Парламенты рейтингтегі үштік көшбасшыны қорытындылайды. Үш параметр бойынша жалпы балл – 4,8 (2025 жылғы IV тоқсанмен салыстырғанда 4,57). Сенат рейтингіне ең үлкен әсерді ақпараттық ашықтық пен басшының беделі бағалары тигізеді, ал бірінші тоқсан қорытындысы бойынша бұл көрсеткіштер 5 баллдан асып кеткен – тиісінше 5,07 және 5,0 балл: «Соңғы интелектуал билікте», «Конституция жобасын ілгерілетуде белсенді қатысқан. Спикер жеке өзі сыртқы саясатқа арналған бағдарламалық мақала жариялады».

Алайда, референдумнан кейін Әшімбаевтың саяси перспективасына қатысты сарапшылар арасында біркелкі пікір жоқ: бір жағынан, кейбіреулер «Сенатты қорғай алмады және оның болашағы анық емес» деп есептесе, екінші жағынан, «барлық вице-президенттік кандидаттардың ішінде ең адекваттысы. Ашық көзқарасы бар адам әсерін қалдырады» деген пікірлер бар.

Каринге төртінші орын бұйырды

Мемлекеттік кеңесші  Ерлан Карин бірінші тоқсан нәтижесінде рейтингтегі позициясын біраз өзгертті – жалпы көрсеткіші 4,65 баллмен 4-орынға көтерілді (2025 жылғы IV тоқсанда 4,72 балл). Параметрлер бойынша рейтингтің детализациясы көрсеткендей, мемлекеттік кеңесшінің жұмыс тиімділігі көрсеткіші өскен (2025 жылғы IV тоқсанында 4,46 баллдан 2026 жылғы I тоқсанда 4,59 баллға дейін), бірақ беделі бойынша балл төмендеген, бұл жалпы көрсеткішке драмалық әсер етті: «Аппаратты біріктірді, бірақ интелектуалдардың қолдауын жоғалтып жатыр».

Көшербаев бестікті қорытындылады

Топ-5 соңын Ермек Көшербаев басқаратын Сыртқы істер министрлігі қорытындылайды, жалпы рейтинг 4,59 баллды құрады. Үш параметр бойынша – жұмыс тиімділігі, ақпараттық ашықтық және басшының беделі – МИД +0,4 баллға артты, бұл оларға рейтингте қолайлы позиция алуға мүмкіндік берді. Сарапшылар атап өткендей, Е. Көшербаев ақыры өз орнына келді: «Бұл жұмыс оған бұрынғы үш лауазымынан жақсы келеді», «жұмысқа белсенді араласты».

Жалпы алғанда, Тоқаевтың саяси «ауыр салмақтыларының» өзегі сақталғанын атап өтемін –  тіпті кейбіреулер үшін қызмет ауыстырумен аяқталатын конституциялық реформаға қарамастан. Екінші тұрақты үрдіс — үкімет мүшелерінің көпшілігінің беделінің төмендігі және тиімділігінің әлсіздігі. Егер тиімділік бойынша сараптамалық бағаларды мектептегі бағаларға айналдырсақ, 8 «үштік» алған және 16 «екілік» алғандарды көреміз. Жалғыз «жақсы оқитын» – Көшербаев. Бедел тұрғысынан да шамалас көрініс: 16 «екілік» және 9 «үштік». Тұрақты аутсайдерлер – денсаулық сақтау және сауда министрлері, сондай-ақ «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі,– дейді саясаттанушы Данияр Әшімбаев. 

Аутсайдерлер:
40. Қарагойшин (39)
39. Ертаев (рейтингтегі жаңа қатысушы)
38. Шаққалиев (35)
37. Әлназарова (38)
36. Нысанбаев (33)

Бұрынғы анти чемпион — Әділет министрі Сәрсембаев — Конституциялық комиссия жұмысына қатысуының арқасында 40-орыннан 33-орынға көтерілді.

Сол сияқты Конституциялық сот төрайымы Әзімованың да позициясы жақсарған.

“Сонымен қатар Президент әкімшілігі басшысы Дәдебайдың ықпалы мен беделінің біртіндеп артып келе жатқанын атап өткен жөн”– дейді саясаттанушы Данияр Әшімбаев. 

Серіктес жаңалықтары