×
466.33
538.47
5.9
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
466.33
538.47
5.9

Қамаудағы «Атажұрт» белсенділеріне қысым жасалғаны айтылды

Бүгін, 09:06
Қамаудағы «Атажұрт» белсенділеріне қысым жасалғаны айтылды
Фото: Азаттық радиосы.

«Атажұрт» ұйымының қамаудағы белсенділеріне қысым жасалып жатыр. Бұл жөнінде олардың туыстары айтты. Олардың сөзінше, қамаудағы жақындарына әлдебір құжатқа қол қойдырмақ болған, деп хабарлайды Ulysmedia.

«БАЛАМА ЕКІ БЕЙТАНЫС АДАМ КЕЛГЕН»

Қамаудағы белсенді Бақытнұр Нұрмұқанға бейтаныс екі адам келіп, құжаттарға қол қоюға қысаған. Бұл жөнінде ол әкесі Нұрмақан Арыстанға 2 сәуір күні айтқан.

– Балама екі бейтаныс адам қол қойып бер депті. Балам не үшін қол қоямын деп қоймапты. Бірталай қыстапты, балам қағазда не жазылғанын айтпады. Баламның құлағы жақсы естімейді. Байрақ өртегеніңе кінәлісін бе, кінәлі емессің бе, қол қой деп айтыпты, – дейдіНұрмақан Арыстан.

Назира Шаймұрат қамауда отырған ұлы Батылбек Байғазының жағдайына алаңдайды. Ол ұлыма екі адам келіп, әлдебір құжатқа қол қойдырып алған дейді. Сөзінше, оның қандай құжат екені белгісіз.

– Соттан екі күн бұрын бейсауат екі адам келіп, менің балама күштеп қол қойғызып алыпты. Балам неге қол қойғызғанын айтпады. Түрме бастығына барып, кірген адам кім деп едім айтпай қойды. Неге бізді кіргізбейді, баламды алты ай болды көрсетпей отыр. Баламның денсаулығы жоқ, көзіне операция жасамақшы едік, бүйрегі ауырады, – дейді ол.

КОНТЕКСТ

Тіркелмеген «Атажұрт» ұйымының 19 белсендісінің үстінен «Ұлтаралық араздық қоздыру» бабы бойынша айып тағылған. Істің қозғалуына белсенділердің былтыр 13 қарашада Алматы облысы Ұйғыр ауданы Қалжат ауылы маңында өткізген наразылық акциясы себеп болған.

Сол уақытта олар  Қытай туы мен Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің суретін ұстап шығып, Шыңжаңда түрлі желеумен ұсталып,  «түзету лагеріне» қамалған қазақтарды босатуды және екі ел арасындағы визасыз режимді жоюды талап еткен болатын.

Акция барысында Қытайға жұмыс істеуге кетіп, кейін сол жақта ұсталған Қазақстан азаматы Әлімнұр Тұрғанбайды елге қайтаруды Қытайдан талап еткен.

Белсенділердің соты Талдықорғанда жабық өтіп жатыр.

Әлімнұр Тұрғанбай туралы бұған дейін Ulysmedia бірнеше рет жазған.

Туыстары Қытай полициясы ұстаған Әлімнұр Тұрғанбайға араша сұрап, бірнеше мәрте Астанаға арыз-өтініш жолдаған.

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Қытай берген ақпаратқа сүйеніп қайтарған жауабында, 48 жастағы Әлімнұр Тұрғанбай Қытай азаматтығынан шықпағаны, ал қос азаматтық екі елде де «заңсыз» екені айтылған.

Серіктес жаңалықтары