×
479.42
467.91
8.21
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
479.42
467.91
8.21

Абаев чемпиондарға өмір бойы берілетін төлемді 4 есе көбейтуді тапсырды

02.03.2022, 12:29
Фото: ашық дереккөзден

Елімізде чемпиондар мен жаттықтырушыларға өмір бойы берілетін төлемді 306 мың теңгеге дейін көбейетін болды. Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев өз орынбасарына осы мәселені қолға алуды тапсырды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

"Вице-министрге чемпиондар, жүлдегерлер мен жаттықтырушыларды өмір бойы материалдық қамтамасыз ету мөлшерін 100 АЕК-ге (306 300 теңге) дейін өсіру жобасын қарауды тапсырамын", - деді Дәурен Абаев. 

Айта кетейік, қазір қазақстанда Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлиолимпиада чемпиондары мен жеңімпаздарына өмір бойы берілетін төлем мөлшері 24 АЕК-кее тең.