×
466.33
538.47
5.9
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
466.33
538.47
5.9

БҚО-да отыз жыл бұрын әйел зорлағандар ұсталуы мүмкін

Бүгін, 16:23
БҚО-да отыз жыл бұрын әйел зорлағандар ұсталуы мүмкін
фото: ашық дереккөзден

Жақында «Не молчи» қорына отыз жыл бұрын өзін төрт адамның зорлағанын айтып, шетелде тұратын әйел шағымданады. Оның бейнежазбасы әлеуметтік желіде қызу талқылануда. Қазір Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Біз барлығын өз бақылауымызға алып, жәбір көрушіге кінәлілерді табуға және жазалауға көмектесуге тырысамыз. Бейнежазбаны көру қиын. Қазақстандағы әрбір зардап шеккен әйелдің бейнесі осындай. Осыдан 30 жыл бұрын, бандиттер ауылдарды басқарған кезде, қыздардың көбшілігі осындай қорлық көрді, – деп жазды «Не молчи» қоры әлеуметтік желідегі парақшасына.

Шағымданушының айтуынша, сол кезде 17-18 жаста болған, Батыс Қазақстан облысының түкпіріндегі бір ауылда тұрған, шамамен төрт ер адам зорлаған. 

«Өлтіреміз» деп қорқытқан

Ер адамдар менің төрт ағамның жан-жаққа кеткенін пайдаланды. Біреуі оқуға, біреуі әскерге кеткен еді. Мен кішкентай ауылда анаммен тұрдым, әкем қайтыс болған. Олар мені қараусыз қалған үйге апарып, кезекпен зорлады, ұрып-соқты, қылғындырды. Мен оларды отырғызамын деп сес көрсеткенімде, зорлаушылардың бірі Жайық өзеніне сүйреп апарып, батырып жіберемін деп қорқытты. Мен сөзімді тағы қайталадым. Олар мені одан сайын ұрып, өзен жағасында қалдырып кетті. Таңға жақын әлсіз, киімсіз күйімде ояндым, – дейді әйел.

Кейін кішкентай ұлымен елден кеткен, жасы елуге жақындаған жәбірленуші  Вьетнамда тұрады.

«Еркектерді жек көремін»

Қазір менде бәрі жақсы секілді. Өмір сүріп, еңбек етіп жатырмын, ұлым беделді университетте оқиды. Оны өзім үшін тудым. Бірақ мен сол қайғылы жағдайды ұмытқаным жоқ. Психологтар көмектесе алмады, жеке өмірімді құра алмадым, өйткені содан кейін еркектерді жек көремін, –деп қосты әйел.

Ол енді Оралға келіп, аяғына дейін барып, өзін зорлағандарды жауапқа тартуға бекінгенін жеткізді. Әлеуметтік желідегі бейнежазбадан кейін БҚО полиция департаменті аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғады.

Серіктес жаңалықтары