×
466.33
538.47
5.9
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
466.33
538.47
5.9

Ақтөбеде әкімдік өртеніп жатыр

Бүгін, 21:31
Ақтөбеде әкімдік өртеніп жатыр
Фото: ҚР ТЖМ

Ақтөбеде облыстық әкімдік ғимараты өртеніп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оқиға орнындағы кадрларды куәгерлер Ulysmedia редакциясына жіберді.


- «Осы сәтте ТЖМ құтқарушылары Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылында орналасқан 6 қабатты әкімшілік ғимараттың шатырындағы өртті сөндіруде. Оқиға орнына 5 минут ішінде ТЖД күштері мен құралдары жедел түрде келіп жетті. Дереу өрт сөндіру оқпандары беріліп, өртті толық жою бойынша барлық шаралар қабылдануда. Судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді. Адамдарды эвакуациялау жүргізілуде. Оқиға орнында жедел штаб құрылды», - деп хабарлады ТЖМ.

Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Серіктес жаңалықтары