×
460.37
531.87
5.82
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
460.37
531.87
5.82

Жағрапия & олигополия: Қазақстанда интернет неге қымбат?

Жағрапия & олигополия: Қазақстанда интернет неге қымбат?
Фото: istock

Соңғы уақытта интернет бағасына қатысты қоғамда түрлі пікірлер айтылып жүр. Бір елде интернет арзан әрі жылдам болса, енді бірінде интернет сапасы төмен бірақ бағасы жоғары. Мысалы, әлеуметтік желі қолданушылардың бірі Өзбекстанда 40 ГБ интернет пакеті шамамен 65 000 сум (2 300–2 500 теңге) тұратынын, ал Қазақстанда 7 999–8 500 теңгеге небәрі 25–30 ГБ ғана ұсынылатынын атап өтеді. Осыдан келіп неліктен Қазақстандағы интернет тарифтері салыстырмалы түрде қымбат және пакеттер аз көлемде деген сұрақ туындайды. Экономист-сарапшы Ләззат Жанмолдаева себептерін түсіндірді.

Интернет бағасы неден құралады?

Сарапшы интернет бағасына ең алдымен экономикалық жағдай және инфрақұрылымның құны әсер ететінін айтады. 

- «Қазақстандағы интернет тарифтері әлемдік деңгеймен салыстырғанда орташа деңгейде, бірақ сапасы әлі де төмен. Бізде инфрақұрылым нашар дамыған, географиялық орналасу және халық тығыздығы төмен. Сондықтан тарифтердің бағасының қымбат болуы әрі сапасының төмен болуы осы факторларға байланысты», - дейді Ләззат. 

Экономисттің айтуынша, халықаралық кабель тарту, базалық станциялар салу және трафик сатып алу айтарлықтай шығынды талап етеді. 

- «Үлкен әрі сирек қоныстанған елдерде, мысалы, Австралия мен Канада-да транзит үшін басқа елдерге тәуелділік шығындарды арттырады. Халық тығыздығы төмен, ал аумағы кең болса, бұл интернеттің бағасы мен сапасына тікелей әсер етеді», – дейді ол.

Ләззат Жанмолдаеваның пікірінше, Қазақстан да құрлық ішінде орналасқан елге кіргендіктен, интернет трафиктің көбі халықаралық кабельдер арқылы өтеді, сондықтан сұраныс жоғары болады. Ал урбанизация деңгейі жоғары елдерде, баға төмен.

Бәске жоқ жерде, баға қымбаттайды

Сонымен қатар, кейбір елдерде салықтар мен лицензиялардың құны жоғары болғандықтан, баға өседі.

- «Мемлекеттік салықтар, саясат, оны реттеу, үкімет субсидия бере ме, жоқ па, қандай спектрде болады, құрылысқа оның қандай жеңілдіктері бар, осының бәрі әсер етеді», - деді Жанмолдаева. 

Ал интернет бағасының төмен болуы нарықтағы бәскелестікке байланысты екенін айта кетті. 

- «Шығыс Еуропа, соның ішінде  Румыния, Польша, Ресейді де кіргізуге болады. Оларда бәсекелестік жоғары және мемлекеттік инвестициялардың арқасында баға төмен. Әрине, енді монополия немесе олигополия жағдайында болатын болса, ол кездерде баға жоғары болады», - деді сарапшы. 

Әлемдегі ең арзан интернет қай жерде?

WPR мәліметінше, көптеген мемлекеттерде интернет үшін ай сайынғы төлем 20–50 доллар аралығында. Ең қымбат интернет Біріккен Араб Әмірліктерінде — айына орта есеппен 98,84 доллар құрайды. Одан кейін Катар (92,04 доллар) мен Оман (76,99 доллар) тұр.

Сондай-ақ, қымбат елдер қатарына Гондурас, Сауд Арабиясы және АҚШ кіреді. Айта кету керек, ең қымбат интернеті бар алғашқы он елдің жартысы Таяу Шығыста орналасқан.

Ал интернет бағасы төмен елдердің тізімінде Еуропа мен Азия елдері көп.

Украина тұрғындары айына небәрі 5,62 доллар төлейді. Сондай-ақ Ресей, Румыния, Түркия, Молдова, Үндістан елдерінде интернет бағасы айына 10 доллардан төмен. Ал Замбия, Узбекистан, Мьянма, Беларусь,Йемен және Шри-Ланка елдерінде 4 доллардан төмен болса, Бангладеш, Сирия және Иранда ең арзан интернет бағасы, 0,55-тен 2,5 доллар шамасында. 

Алайда тек баға емес, интернет жылдамдығы жағынан қарастырсақ, ең қымбат интернет Ливанда 1 Мбит/с үшін айына 6,79 доллар төлейді. Одан кейін Кения және Нигерия. 

Керісінше, ең арзан интернет  Румыния, Қытай, Таиланд және Молдова елдерінде тіркелген. Мұнда интернеттің 1 Мбит/с құны 0,06–0,10 доллар аралығында. Ал АҚШ-та бұл көрсеткіш шамамен 0,45 долларды құрайды.

Серіктес жаңалықтары