×
460.37
531.87
5.82
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
460.37
531.87
5.82

Сағатына 100 мың SMS: алаяқтар Beeline мен Halyk Bank-тың атын жамылған

Бүгін, 13:29
Сағатына 100 мың SMS: алаяқтар Beeline мен Halyk Bank-тың атын жамылған
коллаж Ulysmedia

Қаржылық мониторинг агенттігі қазақстандықтарға ірі банктер мен провайдерлердің атынан жаппай фишингтік SMS-хабарламалар жіберген қылмыстық топты әшкереледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Сағатына 100 мың SMS таратқан

Агенттік мәліметінше, алаяқтар «SMS-бластер» деп аталатын құрылғыны пайдаланған. Бұл –ұялы байланыс операторларының базалық станцияларының жұмысын имитациялайтын құрылғы. Ол пайдаланушылардың жанында күшті сигнал жасап, нәтижесінде телефондар автоматты түрде қорғанысы әлсіз желіге қосылған. Бұл тәсіл провайдерлердің қорғанысын айналып өтіп, сағатына 100 мыңға дейін жалған SMS таратуға мүмкіндік берген.

«Бластер» 300 метр радиуста жұмыс істеген. Алаяқтар оны автокөлікке орнатып, адам көп жиналатын орындарда – базарлар мен сауда орталықтарының маңында қолданған.

Бонус береміз деп алдаған

 Хабарламалар Beeline және Halyk Bank компаниялары атынан жіберілгендей көрініп, жиналған бонустарды айырбастау ұсынылған. Сілтеме арқылы өткен пайдаланушылар фишингтік сайттарға кіріп, онда тауар таңдауға ұсыныс алған. Кейін олардан жеке деректер – телефон нөмірі, аты-жөні, банк картасының реквизиттері, CVV-код және SMS арқылы растау коды сұралған, – деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.

Қаскөйлерді анықтау және ұстауға аз уақыт кеткен. Олар көп көлемде жеке деректер мен қаражатты ұрлап үлгермеген. Қандай сома туралы айтылып отырғаны әзірге нақтыланбады.

Қазіргі уақытта төрт күдікті қамауға алынған. Тергеу жалғасуда.

Агенттік мәлімдеуінше, мұндай алаяқтық схема ТМД аумағында алғаш рет тоқтатылды. Ведомствоға Бас прокуратура мен Tele2 ұялы байланыс операторының киберқауіпсіздік мамандары қолдау көрсеткен.

Серіктес жаңалықтары