×
460.37
531.87
5.82
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
460.37
531.87
5.82

Қазақстандықтар қай банкке көбірек сенім артады?

Бүгін, 16:23
Қазақстандықтар қай банкке көбірек сенім артады?
Фото: aikyn.kz

Ranking.kz қазақстандықтардың қай банкке көбірек сенетінін зерттеп көрді. Нәтижесінде, халықтың басым бөлігі ақшасын Halyk Bank-те сақтайтыны белгілі болды. Ал Kaspi Bank бұл тізімде үшінші орында, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жыл басында Қазақстан банктерінде шоғырланған салымдардың көлемі 48,7 трлн теңгені құрады, бұл былтырғымен салыстырғанда 6,2 трлн теңгеге (немесе 14,6%) көп. Оның ішінде жеке тұлғалардың салымдары 28,2 трлн теңге (58%), заңды тұлғалардың салымдары 20,5 трлн теңге (42%) болды.

Halyk Bank-ке сенім күрт өскен

Салым көлемі бойынша абсолютті көшбасшы – Қазақстанның ірі банкі Halyk Bank: жыл ішінде банкке салымдар көлемі бірден 1,3 трлн теңгеге өсіп, 13,9 трлн теңгеге жетті. Бұл Қазақстанның барлық банктеріндегі жалпы салымдардың шамамен 29%-ы. Жеке тұлғалардың салымдары Halyk Bank-та 7,8 трлн теңгені құрап, 741,4 млрд теңгеге өсті, ал бизнес салымдары 6,1 трлн теңгеге жетіп, 576,5 млрд теңгеге көбейді.

Банк екі көрсеткіш бойынша да көшбасшы болып, халық салымдарының 28%-ын және бизнес салымдарының 30%-ын құрады. Halyk Bank салымдарының құрылымы теңгерімді: жеке тұлғаларға 55,9%, заңды тұлғаларға 44,1% тиесілі.

Мұндай динамика банктің халық пен бизнес тарапынан жоғары сенімге ие екенін көрсетеді. Салымшылар үшін бұл сенімділік, ашық шарттар, түсінікті өнімдер және ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылықты таңдауды білдіреді, ал экономика үшін – ішкі қаржыландыруды кеңейту және жинақтау мәдениетін нығайту болып саналады.

Ірі халықаралық инвестициялық рейтингтер де Halyk Bank-тің ел экономикасының қозғаушы күші ретіндегі рөлін растайды.

Банк ЦентрКредит  екінші орында

Жылдық салым өсімі бойынша екінші орында Банк ЦентрКредит тұр: өсім +1,2 трлн теңге, жалпы көлемі 6,5 трлн теңге. Оның ішінде халық салымдары 3,3 трлн теңгеге жетіп, 534 млрд теңгеге өскен, ал бизнес салымдары 3,2 трлн теңгеге көтеріліп, 645,7 млрд теңгеге көбейген. Портфель құрылымы теңгерімді: 51,7% жеке тұлғаларға, 48,3% заңды тұлғаларға тиесілі.

Kaspi Bank  үштікті қорытындылады

Салым көлемінің өсуі бойынша көшбасшылар үштігін Kaspi Bank түйіндейді: +1,1 трлн теңге, жалпы салым көлемі 7,9 трлн теңге. Бұл банк негізінен бөлшек секторға бағытталған: халық салымдары банк портфелінің шамамен 89%-ын құрап, 7,8 трлн теңге болады. Ал бизнес салымдары тек 887 млрд теңге, яғни банк депозит портфелінің 11%-дан сәл артық бөлігін құрайды.

Серіктес жаңалықтары