×
460.37
531.87
5.82
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
460.37
531.87
5.82

Әділетхан Молдаханды қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

Бүгін, 16:38
Әділетхан Молдаханды қамауда ұстау мерзімі ұзартылды
Фото: Instagram парақшасынан

Алматыда болған ірі жол-көлік оқиғасы туралы әлеуметтік желіде пікір білдірген заңгер әрі блогер Әділетхан Молдаханның қамау мерзімі тағы екі айға ұзартылды. Бұл туралы оның інісі Дәулетхан Ахметов әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлап, биліктен әділдік пен бостандық талап етті, деп хабарлайды  Ulysmedia.kz.

Дәулетхан Ахметов Instagram парақшасында  інісінің қамау мерзімінің ұзартылуын әділетсіз шешім деп, наразылығын білдірді.

- «Әділетхан Молдахан інімнің қамалуы екі айға не үшін созылды? Әділетті Қазақстанда әділдік қайда? Бостандық талап етемін! Шындық үшін жазықсыз жан қамалса, не күтеміз басқадан?», – деп жазды ол.

30 наурызда заңгер уақытша ұстау изоляторына 10 күнге қамалған еді.  Ол кезде қоғам белсендісіне Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабы 1-бөлігі (ұлтаралық араздықты қоздыру) және 274-бабы (көрінеу жалған ақпарат тарату) бойынша айып тағылғаны айтылды. 

Қазір құқық қорғау органдары Әділетхан Молдаханға қатысты «Көрінеу жалған ақпарат тарату» бабы бойынша қылмыстық іс қозғап, оны күдікті ретінде таныған. Полицияның дерегінше, блогер таратқан мәлімет шындыққа сәйкес келмейді және қоғамда қате пікір қалыптастыруы мүмкін.

Не айтып еді?

Заңгер 21 наурызда таңға жуық Алматыдағы әл-Фараби даңғылы бойында болған жол апатынан кейін әлеуметтік желіде пост жариялаған. Үш адамның өмірін қиған бұл апатқа қатысты блогер полиция қызметкерлерінің жұмысын сынға алған. Сондай-ақ автокөлікпен жарыс ұйымдастыруға құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысы болуы мүмкін деп мәлімдеген еді. 

Әділетхан Молдаханның 1 миллионнан аса оқырманы бар. Әлеуметтік желіде көбіне азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер бойынша заңгерлік кеңестер айтады.

 

Серіктес жаңалықтары