×
475.31
555.54
6.05
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
475.31
555.54
6.05

Ливанды атқылаған Израиль бельгиялық министрді өлтіріп қоя жаздады

Бүгін, 08:59
Ливанды атқылаған Израиль бельгиялық министрді өлтіріп қоя жаздады
фото: ашық дереккөзден

Бельгияның сыртқы істер министрі Максим Прево Ливандағы Израильдің зымыран соққысы түскен жерге таяу маңда жүрген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЕҢ ІРІ СОҚҚЫЛАРДЫҢ БІРІ

Оқиға туралы дипломат Х әлеуметтік желісінде жазды. Оның айтуынша, шабуыл кезінде ол делегациясымен бірге Бейрут қаласында болған.

Бельгия СІМ басшысы Ливан астанасына Израиль мен «Хезболла» қозғалысы арасындағы қақтығыстан зардап шеккен отбасыларға қолдау білдіру, сондай-ақ атысты тоқтату мүмкіндігін талқылау үшін барған.

Превоның сөзінше, Израиль әскері соғыс басталғалы бергі ең ірі соққылардың бірін жасаған. Оның айтуынша, бұл шабуыл алдын ала ескертусіз жүзеге асқан.

Дипломат зымыран соққысы кезінде елшілік маңында – соққы түскен жерден небәрі бірнеше жүз метр қашықтықта болғанын айтты.

Министр сондай-ақ АҚШ, Израиль және Иран арасындағы бітім Ливан аумағына да таралуы тиіс екенін мәлімдеді. Оның пікірінше, бұл шиеленісті бәсеңдетіп, бейбіт тұрғындарды қорғауға мүмкіндік береді.

254 АДАМНЫҢ ҚАЗАСЫ

Еске сала кетейік, 8 сәуірде Израиль Ливандағы «Хезболла» нысандарына ауқымды соққы жасаған. Жергілікті биліктің мәліметінше, кемінде 254 адам қаза тауып, мыңнан астамы жараланған.

Серіктес жаңалықтары