×
475.31
555.54
6.05
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
475.31
555.54
6.05

Австралияға барған қазақтар 96 сағаттан бері қамауда отыр

Бүгін, 13:18
Австралияға барған қазақтар 96 сағаттан бері қамауда отыр
коллаж Ulysmedia

Австралияға турист ретінде барған қазақтар 96 сағаттан бері қонақүйде қамауда отыр. Қазақстан азаматы Саламат Баямиров Ulysmedia тілшісіне хабарласып, көмек сұрады.

Мен дәл қазір Сидней қаласындамын. Австралияға туристік визамен қыдырып келдім. Мельбурн қаласы арқылы Балиге ұшуым керек еді. Бірақ мұндағы кеден қызметі қазақстандықтарды қамауға алып, тергеп-тексеріп жатыр. Ешкім бізге не үшін тергеліп, қамауда отырғанымызды түсіндірген жоқ,– дейді Саламат Баямиров.

СҰРАҚ КӨП, ЖАУАП ЖОҚ

Ол 5 cәуір сағат 12:25-тен бері осы жерде. Барлық қазақтардың паспорты мен телефонын жинап алған.

Содан жеке камераларға кіргізіп, жеке-жеке сөйлесті. Кейбір азаматтарды турист ретінде Сидей қаласына жіберді. Сұхбаттан құлағандардың бәрінің қолына кісен салып, қаладағы қонақ үйлердің біріне жеткізді. Мен ешқандай ұлтаралық келіспеушілік болғанын қаламаймын. Бірақ не үшін 5 cәуірден бастап бізге осылай жасап жатқандарын түсінгім келеді,– дейді Саламат Баямиров.

8 сәуір күні Саламат Баямиров желіге бейнеүндеу де жариялаған. Бірақ содан кейін Австралияда Қазақстан елшілігінің мүлдем жоқ екенін біліпті. Енді қайда шағым жазарын, кімнен көмек сұрарын білмей отыр.

Тергеу кезінде 3 күн яғни 72 сағат ішінде сіздердің мәртебелеріңіз анықталады деп айтқан. Бірақ ол уақыт өтті. Біз әлі қонақүйде жатырмыз. Сыртқа шыға алмаймыз. Себебі паспорттарымыз кеден қызметінде. Есіктің алдына күзет қойылған,– дейді ол.

СИДНЕЙДЕ ЕЛШІЛІК ЖОҚ

Саламат алда не күтіп тұрғанын да білмейді.

Біз қашанға дейін қамалып отырамыз? Күніне бір рет келіп жағдайымызды сұрайды. Ешқандай артық қысым көрсетілген жоқ. Өкінішке қарай, өз заттарымызды пайдалана алмай отырмыз. Заттарымыз дәлізде. Жалынып сұраған соң, тек ең басты керек заттарды берді. Қалаға турист ретінде кіргізбесе, неге елімізге қайтармайды?,– дейді Баямиров.

Еске сала кетейік, Қазақстан 2015 жылы Сиднейде Консулдық‑Генералдық миссиясын ашқан. Алайда Қазақстанның Сиднейдегі Консулдық‑Генералдық миссиясы 2024 жылдың тамыз айынан бері жұмыс істемейді. Австралияда тұратын қазақстандықтар ең негізгі консулдық қызметтерді Қазақстанның Сингапурдегі елшілігі арқылы алады.

Серіктес жаңалықтары