×
475.31
555.54
6.05
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
475.31
555.54
6.05

«Болжамды соғысқа» дайындық: Қазақстан қарулану шығындарын күрт көбейтпекші

Бүгін, 15:56
«Болжамды соғысқа» дайындық: Қазақстан қарулану шығындарын күрт көбейтпекші
фото: ашық дереккөзден

Биыл елдің қорғаныс саласына 3 трлн теңге бөлінеді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 335 млрд теңгеге артық, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚАРЖЫ ҚАЙДА ЖҰМСАЛАДЫ?

Қорғаныс министрінің орынбасары Асқар Мұстабеков бөлінген қаржының қайда жұмсалатынын айтты. 

«Ұшқышсыз ұшу аппараттары тәрізді заманауи, жаңа техника сатып алу жоспарланып отыр. Сондай-ақ қаражат әуе техникасы жаңалауға, әуе шабуылына қарсы қорғаныс техникасын сатып алуға жұмсалады», – деді вице-министр.

«БОЛЖАМДЫ СОҒЫСҚА» ДАЙЫНДЫҚ

Үкіметтің жоспары бойынша, биыл қорғанысқа бөлінген шығын ЖІӨ-нің 1%-ы шамасында болуы қажет. 2025 жылы бұл саланың бюджеті 666 млрд теңге немесе ЖІӨ-нің 0,68%-ына тең болды.Депутаттар бұл сома елді «болжамды соғысқа» дайындау үшін жеткіліксіз деп, қосымша қаражат бөлуді ұсынған.

Серіктес жаңалықтары