×
475.31
555.54
6.05
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
475.31
555.54
6.05

Көп әйел алу: жаңа Конституция күшіне енген соң Қазақстанда не өзгереді?

Бүгін, 16:59
Көп әйел алу: жаңа Конституция күшіне енген соң Қазақстанда не өзгереді?
коллаж: ЖИ/Ulysmedia.kz

Елімізде азаматтық некелерге тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы Ulysmedia.kz-ке сұхбат берген Мәжіліс депутаты, «Respublica» партиясы фракциясының мүшесі Олжас Құспеков мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС ОДАҚТАР, ДІНИ НЕКЕЛЕР

Депутаттың сөзінше, жаңа Конституцияда отбасы құндылықтарына айрықша мән беріліп отыр.

– Жаңа Ата заңымыз бойынша, ер адам мен әйелдің ерікті одағы – отбасы деп танылады. Дәстүрлі емес одақтарға тыйым салынды, – дейді Олжас Құспеков.

Мәжілісмен  ер мен ердің, әйел мен әйелдің одағын құрушыларға заңда ешқандай жаза қарастырылмағанын, бірақ ондай некелер тіркелмейтінін атап өтті.

–  Екінші немесе үшінші отбасын құру бүгінгі күнге дейін де заңсыз деп танылып келді. Меніңше, Конституция күшіне енгеннен кейін қабылданатын заңдарда бұл мәселелер міндетті түрде қарастырылады.  Неке және отбасы туралы заңда азаматтық неке деген мәселе қалып қойған. Соны алып тастау керек. Сонда некесіз туған бала деген болмайды. Конституцияда жазылғандай ресми бір неке ғана құрып, заңды өмір сүру қажет, – дейді ол.

КӨП ӘЙЕЛ АЛУДЫ НАСИХАТТАУШЫЛАР

Айта кетейік, бұдан бұрын белгілі продюсер Баян Алагөзова желіде көп әйел алуды насихаттаған блогер Диас Ахметовті жазалауды сұраған. Instagram-да 3 миллионға жуық қаралым жинаған видеода блогер ер мен ердің, әйел мен әйелдің одағын «харам» деп, ал ер мен екі немесе одан да көп әйелдің некесін «халал» деп көрсеткен.

«Мына адамды көп әйел алуды насихаттағаны үшін жауапкершілікке тартуды сұраймын. Бұл ҚР Конституциясына қайшы», – деп жазды продюсер.

Сондай-ақ, жуырда журналист Жанар Байсеміздің ислам дінінің өкілі Құрбанәлі Ахметтен алған сұхбаты әлеуметтік желіде дау туғызған. Сұхбатта спикер екінші әйелін қайын атасы «сыйға» бергенін, отбасылық жанжалдан кейін онымен ажырасып, өзінің шәкіртіне үйлендіргенін айтады. Желі қолданушыларының бірі мұны «әйел құқығын таптау, оған тауар есебінде қарау» десе, енді бірі осындай пікір айтуға мінбер ұсынып отырған журналисті сынады. Қоғамдағы резонанстан кейін дін өкілі де, журналист те жауапкершілікке тартылды.

Осы оқиғадан кейін Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жұмысын қайта қарау қажет екенін мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары