×
479.82
559.9
6.15
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
479.82
559.9
6.15

Былтыр туысына донор болғандар саны үш есеге артты

Бүгін, 15:19
Былтыр туысына донор болғандар саны үш есеге артты
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

Қазір елімізде 4,6 мыңнан астам қазақстандық трансплантацияны күтіп отыр. Осыған байланысты өңірлерде донорлықты дәріптеу жұмыстары күшейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ДОНОРҒА ҚАЖЕТТІЛІК АРТУДА

Денсаулық сақтау министрлігі трансплантация санын арттырудың негізгі ресурсы ретінде қайтыс болғаннан кейінгі донорлықты дамытуға назар аударып отыр.

Бүгінде Қазақстанда 4,6 мыңнан астам адам ағза трансплантациясын күтіп отыр. Қажеттілік жыл сайын артып келеді: 2023 жылы 3 961 пациент болса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 4 506 адамға жеткен.

ТУЫСТАРЫНА ДОНОР БОЛҒАНДАР КӨП

Бұл ретте жүйе әлеуетті донорларды анықтау көрсеткіші бойынша өсім көрсетті. Әлеуетті донор 2023 жылы 49 болса, 2025 жылы 186-ға жеткен. Алайда негізгі көрсеткішті туыстарының келісімімен донор болғандар құрайды.

Жүзеге асқан донорлық процесстер:

  • 2023 жылы – 7
  • 2024 жылы – 6
  • 2025 – 19

Бұл динамика біртіндеп өскенімен, донорға мұқтаж адамдар саны азайған жоқ.

ЕРІКТІЛЕР БАР МА?

Соған қарамастан, еріктілер саны артқаны байқалады: 2023 жылы 38 мың болса, 2025 жылы 145 мыңнан асты. Дегенмен бас тарту үлесі әлі де келісім бергендер санынан едәуір көп. Бұл өз кезегінде адам өмірін аман алып қалудың көрсеткішіне әсер етеді.

Трансплантация және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру жөніндегі орталық директоры Айдар Ситқазиновтың айтуынша, елімізде трансплантациялық үйлестіру жүйесі қалыптасқан.

Алайда қайтыс болғаннан кейінгі донорлықты дамыту қоғамның сенімі мен ақпараттану деңгейіне тікелей байланысты,– дейді Айдар Ситқазинов.

Серіктес жаңалықтары