×
479.82
559.9
6.15
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
479.82
559.9
6.15

Демалысқа дайджест: Кинотеатрда қандай фильмдер жүріп жатыр

Бүгін, 17:06
Демалысқа дайджест: Кинотеатрда қандай фильмдер жүріп жатыр
фото: ЖИ

Осы демалыста кино сүйер қауымға тамашалайтын туынды көп. Біз кинотеатрға жаңадан шыққан шетелдік және отанды кино картиналарға шолу жасап көрдік, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

Көптің назарына түсетін туындының бірі – «Темірлан». Киноны Өзбекстан, Қазақстан, АҚШ бірігіп түсірген. «Темірлан» фильмі XIV ғасырдағы Орталық Азияның ұлы билеушісі Әмір-Темірдің өрлеу жолын баяндайды. 1360 жылға қарай Шығыс пен Батысты жалғаған аса маңызды сауда артериясы – Ұлы Жібек жолы – бейберекет күйге түсті: Моңғол империясы ыдырағаннан кейін бір кездері гүлденген қалалар қирап, күйрей бастады. Осы аласапыран кезеңде Тимурдың өмірі сатқындық пен қайғы-қасіретке толы болды. Фильм Өзбекстан мен Қазақстан аумағында түсірілген.

«Аве Мария жобасы»  деп аталатын Америкалық туынды барша фантастика сүйетін көрермендерге ұнайтыны анық. Сюжет қызықты. Бұл фильм «Марсиан» (The Martian) авторының туындысы болғандықтан, көрермендер мен сыншылар тарапынан үлкен қызығушылық тудырып отыр. Фильм ғылыми дәлдігімен және кейіпкердің қиын жағдайдан шығу жолындағы тапқырлығымен ерекшеленеді.

«Мен іздеуге шықтым 2» – 2019 жылғы танымал триллердің жалғасы. Күйеуінің лағынет атқан отбасының шабуылынан аман қалған Грейс қауіпті ойынның жаңа деңгейіне тап болады. Енді ол қауіп өзінің кіші сіңлісі Фейтке де төніп тұрғанын біледі. Әпкелі-сіңлілі қыздар өз билігі мен байлығын сақтап қалу үшін оларды өлтірмек болған төрт алпауыт отбасына бірігіп қарсы тұрады. Дегенмен, бұл киноны жүрегі әлсіз адамдарға көруге болмайды. Себебі картина қан мен төбелеске толы.

«Алаяқтар». Бұл отандық белгілі режиссер Олжас Нұрбайдың туындысы. Осыған дейін түсірген 2 сезонды Алаяқтар сериалын кино арқылы қорытындылайды. Сюжет бойынша, Дамир бүкіл өмірін алаяқтықпен өткізіп келеді. Оның ең ірі қылмыстық жобасы – өз банкін ашып, миллиардтаған долларды жымқыруы. Қылмыс әлемінің өкілі Ерланның қолына түсіп, өмірі үшін қорыққан Дамир өзі қатысқан барлық алаяқтық схемалардың бетін ашады.

«Ерекше» – миллиардер фильмдердің режиссері Ернар Нұрғалиевтың жаңа шыққан туындысы. Фильм тәртіп бұзған Арманның спорт кешенінде қоғамдық жұмысқа тартылуынан басталады. Сол жерде ол мүмкіндігі шектеулі спортшы Дидармен және оның әпкесі Әйгеріммен танысады. Бұл кездесу Арманның тағдырын қай бағытқа бұрады? Оны кинодан көріңіз.

Аян Өтепберген, Сафуан Шаймерденов, Қуандық Шәкіржанов, Асан Мәжит сияқты танымал актерлердің басын қосқан «Туысқан» фильмі күні кеше ғана экранға шықты. Бай отбасында ерке болып өскен Самат өмір бойы еш қиындықсыз өмір сүре аламын деп ойлайды. Бірақ әкесі Асқар қайтыс болғаннан кейін бәрі өзгереді: бүкіл әулет мұра үшін тартысқа түседі. Сонда Самат есейіп, әкесінің ісін жалғастыра алатынын дәлелдемесе, бәрінен айырылатынын түсінеді.

Сонымен қатар, «Таптым-ау сені 3», «Ол сен емес», «Пейіш 2», «Нелегал. Через Мексика» кинолары да тізімде бар. Ал кішкентай көрермендерге «Супер Марио», «Прыгуны», «Красная Маска» сынды мультфильмдерді тамашалауға болады.

Серіктес жаңалықтары