×
473.13
554.08
6.13
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
473.13
554.08
6.13

Танымал олигархтың әйелі Алматыда үлкен шоу-концерт берді

Танымал олигархтың әйелі Алматыда үлкен шоу-концерт берді
ашық дереккөз

Еліміздің грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының бұрынғы президенті, «Сәду» еркін күрес академиясының негізін қалаушы, бизнесмен-олигарх Ерлан Сәдудің әйелі – әнші Динара Сұлтан Алматыда жеке үлкен концерт өткізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«МЕНІҢ ЖАНЫМА МЫҢ АЛҒЫС!»

Бұл туралы әншінің өзі Instagram парақшасында жазды.

Концертке дайындық 2-3 ай болды.

Бірақ, 1,5 сағатта өтіп кетті. Барлық атсалысқан жандарға алғысым шексіз, сөзбен жеткізу мүмкін емес тіпті.

Мәңгілікке есте қалатын сәт/кеш болды, өйткені бұл менің ең алғашқы үлкен концертім.

Біздің сахнада сапалы концерттер санаулы. Мен өз басым жылдар бойы ойлаған, армандаған шоу жасалынды деп сенемін. Бұл үлкен жоба үлкен команданың арқасында.

Көп жазғанша, бір көрген, тыңдаған жөн.

Қолдау көрсеткен барша жандарға мың алғыс! Соның ішінде менің тірегім, менің жаным @erlan_sadu9 мың алғыс! – деп күйеуін және шоу-концертке атсалысқан бірнеше адамды белгілеп кеткен.

Кадрлардан ән айтып тұрған Динараны күйеуі Ерлан Сәдудың гитарамен сүйемелдеп отырғанын көруге болады.

ДИНАРА СҰЛТАН

15 жасында Динара Сұлтан туған Атырауынан Алматыға келіп, музыкалық Олимпты бағындыруды мақсат еткен еді. Алдымен ол белгілі вокал педагогы Лаки Кесоглудың сүйікті шәкірттерінің біріне айналды. Кейін SuperStar KZ-2006 жобасында жарқырап көзге түсті, танымал China Town тобының ең дауысы зор қатысушыларының бірі болды. Сондай-ақ әйгілі ақын әрі композитор Еркеш Шәкеевтің әндерін орындап, халықаралық байқауларда Қазақстанның намысын қорғады.

Алайда бүгінде Динара өзінің ең үлкен жетістігі ретінде өнердегі табысын емес, отбасын – жары мен алты баласын атайды. Оның айтуынша, кешкісін үйге келгенде сені тек мысық қана қарсы алса, ешқандай шығармашылықтың мәні болмайды. Дегенмен бақытты отбасын бірден құру оңай болмаған. Әншінің алғашқы некесі бір жарым жылға ғана созылып, сол некеден тұңғыш қызы дүниеге келген.

ЕКЕУІН ТАБЫСТЫРҒАН «ЕКІ ЖҰЛДЫЗ»

Кейін “Екі жұлдыз” телебағдарламасы барысында ол қызықты серіктеспен – белгілі спорт функционері әрі меценат Ерлан Сәдумен бірге өнер көрсетті. Ерлан Динарадан 17 жас үлкен болғандықтан, әнші оның өмірлік тәжірибесіне толық сенім артқан. Динара олардың қарым-қатынасы дұрыс емес шығар деп күмәнданғанда, Ерлан: «Сынған ыдысты қайта жамай алмайсың», – деп жауап берген. Сол кезде Динара оның отбасында қиындық бар екенін сезген. Көп ұзамай Ерлан бұрынғы отбасынан кеткен.

Ортақ өмір сүрген 14 жыл ішінде Динара мен Ерлан бес бала тәрбиелеп өсірді. Сонымен қатар Ерлан Динараның алғашқы некесінен туған қызын да өз баласындай қабылдаған.

Үйіміздің іші үнемі у-шу, балалармен бірге жүгіріп, ойнап жүргенім өзіме ұнайды. Ең бастысы – мен бір ер азаматты бақытты ете алғаныма қуанамын. Оның жұмыстан кейін үйіне, жары мен балаларына асығып келетінін көру – мен үшін үлкен бақыт, – дейді Динара.

ЕРЛАН СӘДУ КІМ?

Ерлан Сәду ұзақ жылдар бойы еліміздің күрес федерациясында вице-президент болған. Кейін федерацияға жетекшілік етіп, аз уақыттан кейін қызметінен кеткен болатын. Сонымен қатар ол Афины Олимпиадасында Қазақстан еркін күрес құрамасының бас бапкері ретінде балуандарды бастап барды. 

1997 жылы Ерлан Сәду (Қожасбай) «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына жұмысқа орналасып, отын бөлімі басшысынан бастап, біртіндеп мемлекеттік кәсіпорын басшысының орынбасары қызметіне дейін көтерілді.

2000 жылдардың басында ол Азия күрес федерациясының басшылығында болған. 2010 жылдары отбасы мүшелерімен бірге Алматы облысында әкесі Садуақас Қожасбаевтың атына спорт кешенін салып (70 млн теңге инвестициялаған), отандық күрес федерациясындағы жұмысына қайта оралып, Астанада өткен грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша әлем чемпионатын ұйымдастыруға қатысқан.

Девелопмент, энергетика және ауыл шаруашылығы салаларында активтері бар қазақстандық кәсіпкер. Ол «SADU Development» ЖШС-нің жалғыз құрылтайшысы, сондай-ақ «Амангелді атындағы» ЖШС-не және «Мунай – Integration» ЖШС арқылы Алматы қаласындағы бірнеше ғимаратқа иелік етеді.

Негізгі активтері мен қызметі:

Девелопмент:
«SADU Development» ЖШС әртүрлі жобаларды жүзеге асырады, оның ішінде Медеу ауданында қонақүй құрылысы бар.

Жылжымайтын мүлік:
«Мунай – Integration» ЖШС Алматы қаласындағы жылжымайтын мүлік нысандарына иелік етеді.

Ауыл шаруашылығы:
«Амангелді атындағы» ЖШС ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істейді.

 

Серіктес жаңалықтары