×
473.13
554.08
6.13
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
473.13
554.08
6.13

Астанада көпқабатты үйден өрт шығып, үш бала қаза тапты

Астанада көпқабатты үйден өрт шығып, үш бала қаза тапты
Фото: видеодан скриншот

12 сәуірге қараған түні Астана қаласындағы Түркістан көшесінде орналасқан 21 қабатты тұрғын үйдің 15-қабатындағы пәтерден өрт шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ

Оқиға орнына өрт сөндірушілер жедел жеткен. Олардың мәліметінше, пәтерде жалын қатты өршіп, жанған.

Өртті сөндіру барысында жанып жатқан пәтерден күйік алған әйел құтқарылып, жедел жәрдем қызметіне тапсырылды. Ол №1 көпсалалы қалалық ауруханаға жатқызылды. Оқиға орнында кәмелетке толмаған үш баланың мәйіті табылды, – деп хабарлады төтенше жағдайлар қызметі.

ӨРТ НЕДЕН ШЫҚТЫ?

Құтқарушылар жоғарғы қабаттардан 20 адамды эвакуациялады, тағы 40-қа жуық тұрғын ғимараттан өз бетінше шыққан.

Өрт толық сөндірілді. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Сондай-ақ әкімдік мәліметінше, зардап шеккен әйелге және қаза тапқан балалардың отбасына қажетті жан-жақты көмек көрсетіледі. Жағдай ерекше бақылауда, – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары