×
473.13
554.08
6.13
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
473.13
554.08
6.13

Орбан сайлауда жеңілгенін мойындады: Оңшыл саясаттың сеңі бұзыла ма?

Бүгін, 10:10
Орбан сайлауда жеңілгенін мойындады: Оңшыл саясаттың сеңі бұзыла ма?
Фото: Anadolu Ajansi

Венгрия Премьер-министрі Виктор Орбан сайлауда жеңілгенін мойындады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Венгрияда бірпалаталы жергілікті парламент сайлауы өтті. Брюссель уақытымен 12 сәуір күнгі 22:00-дегі жағдай бойынша, дауыстардың 72 пайызы есептелді. Үкімет сайтының мәліметіне сәйкес, алдын ала нәтижелер бойынша Петер Мадьяр бастаған «Тиса» партиясы көш бастап тұр.

Сайлау нәтижелері әлі түпкілікті емес, бірақ бәрі түсінікті әрі айқын. Нәтиже біз үшін ауыр және анық: бізге елді әрі қарай басқаруға мүмкіндік берілмеді. Мен жеңіске жеткен партияны құттықтадым, – деді премьер-министр.

Орбан бұл мәлімдемені Ұлттық сайлау комиссиясының алғашқы деректері сайлауда проеуропалық консервативтік оппозициялық «Тиса» партиясының айқын басымдығын көрсеткеннен кейін жасады.

Оңшыл саясаттың сеңі бұзыла ма?

Қазақстандықтар да Венгриядағы сайлауға қатысты пікір білдіріп жатыр. Баспагер, журналист Шыңғыс Мұқан билікті 20 жыл уысында ұстаған Орбанның отырысы Еуропа үшін тым ұзақ болғанын айтады. Оның сөзінше, Будапеште көзіңді жұмсаң да алдыңнан Орбанның жарнамасы шығады. 1981 жылғы Петер Мәдиярдың антижарнамасы да көп болған. Қала көшелеріндегі плакаттарда Зеленский екеуін қатар қойып, оған дауыс берсеңдер, халық нәубет көреді деп жазып тастаған.

«Бірақ демократиялық елдің аты демократиялық ел. Қолыңда қанша билік болса да, сайлау таза өтеді. Халықтың көңілінен шыққан кандидат жеңіп шығады.

Байқағаным, халық, әсіресе жастар Орбаннан шаршаған секілді көрінді. Орбанның жақтаушылары көбіне үлкен адамдар болды.

Басында Трамп тұрған оңшыл саясаттың сеңі бұзыла бастады деп баға беруге ерте, десе де жаһандық саясатта қызық тенденция басталуы мүмкін», - дейді Шыңғыс Мұқан.

Бұл сайлаудың маңызы ел аумағынан әлде қайда тысқары аймаққа шығып кеткенін бұған дейін де жазғанбыз.

Серіктес жаңалықтары