×
473.13
554.08
6.13
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
473.13
554.08
6.13

«Мусин рұқсат берген»: депутат онлайн несиені заңдастырған экс-министрге шүйлікті

Бүгін, 11:52
«Мусин рұқсат берген»: депутат онлайн несиені заңдастырған экс-министрге шүйлікті
Ulysmedia.kz коллажы

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Қазақстанда онлайн несие рәсімдеуді, халыққа оңды-солды қарыз беруді кім заңдастырғанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ХАЛЫҚТЫ ҚАРЫЗҒА БАТЫРҒАН КІМ?

Мәжілісменнің айтуынша, халықты қарызға батыруды көздейтін банктер билікпен жақындасып, лоббистік заңдар шығарған. Адамға несие тез берілетіндей жүйе жасалған.

–  Бір рет қарызға іліндің бе – бітті, жібермейді. Кешіктірдің дейді, басқа дейді, екінші мәрте қарыз алғызады. Жеңілдетілген формат деп телефонмен несие беруді енгізіп қойған. Бұл заңсыз. Осы мәселі көтеріп, 3 сәуірден бастап телефонмен қарыз беру, онлайн несие дегеннің бәрін тоқтаттық. 2020 жылы коронавирус пандемиясы кезінде Бағдат Мусин банктерге азаматтардың атынан қол қоюға рұқсат беріп қойған. Құжаттың бәрін көтердім. Бірде-бір заңда мұндайға рұқсат берілмеген. Алайда министр сол уақытта жұмыссыз қалғандарға берілген жәрдемақыны рәсімдеуді оңайлатам деген желеумен банктерге бар билікті беріп қойған, – дейді Мұрат Әбенов.

Депутаттың айтуынша, 3 сәуірден бастап банктер азаматтардың орнына қол қою үшін Ұлттық банктен рұқсат алуға міндеттелді.

2020 жылға дейін Ұлттық банк бәрін бақылап отырған. Алайда пандемия кезінде министрлік бәрін өзі шешті. Ең сорақысы, ірі банктер – Kaspi мен Halyk bank электронды үкіметке тікелей кіре алады. Бүкіл құжатымыз сонда тұр. Бұл да заңсыз. Мұндай жағдайда басқа елдер министрді бірден соттайтын еді, – дейді ол.

Мұрат Әбенов банктегілер халықтың жеке деректерін заңсыз қолдануы мүмкін екенін, ол үшін заңда ешқандай жауапкершілік қарастырылмағанына айтады.

БАНКТЕР МЕН НОТАРИУСТАРДЫҢ ҚИТҰРҚЫЛЫҒЫ

Депутат елдегі шоты бұғатталған 1,5 млн адамның мәселесіне не тоқталды. Айтуынша, бұл да лоббистік норма.

 Әлемде жоқ шешім қабылдаған. 100 мың теңге жалақы алса, 100%-ын да бұғаттап тастайды. Кез келген құқықтық мемлекетте құқықты шектеу сот шешімі арқылы жүзеге асады. Шотын жабуды, шетелге жібермеуді сот шешуі қажет. Әлемдік тәжірибеде солай. Бізде ше? 2019 жылдан бастап банктер клиенттерінің шотын бұғаттауды жеке нотаруистар арқылы жасап отыр. Нотаруистар мемлекеттің орнына шешім шығарып, мынау банктің алдында айыпты деп азаматтардың шотын жауып тастайды, – дейді Әбенов.

Ең сорақысы, 2019 жылы қабылданған бұл заңды Жоғарғы сот қолдаған.

– Майда-шүйдені қарап отыруға қолымыз тимейді, мұндай шаруаны нотаруистарға берейік деп шешкен. Салдарынан банктер өздерінің қасынан жеке нотариус ашып қойып, жеке сот орындаушысын сайлап алып, үш жақтап адамдарды қарызға батырып отыр, – деп түсіндірді депутат.

Серіктес жаңалықтары