×
474.9
555.3
6.24
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.9
555.3
6.24

Алматыда 480 самокатшыға айыппұл салынды

Бүгін, 14:03
Алматыда 480 самокатшыға айыппұл салынды
Фото: Sputnik

Наурыз айының басынан бері Алматыда электросамокаттарды дұрыс пайдаланбаған 480 адамға айыппұл салынған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МИКРОМОБИЛЬДІ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР БАСҚАРҒАН

Полиция департаментінің мәліметінше, негізгі заң бұзушылықтардың қатарына тротуарларда жылдамдық режимін сақтамау және кәмелетке толмағандардың микромобильді көлік құралдарын басқаруы тіркелген.

Сонымен қатар, құқық қорғау органдары самокаттардың қала көшелерінде, саябақтарда және жаяу жүргіншілер аймақтарында дұрыс қойылуын да қадағалап отыр.

ПОЛИЦЕЙЛЕР СОМАКАТҚА КӨШКЕН

Алдын алу рейдтері аясында полицейлер өздері де екі доңғалақты көлікке көшіп, қаланың басым бөлігін таңертеңнен кешке дейін патрульдейді.

Тұлғалар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 615-бабы бойынша, сондай-ақ 620-бабы бойынша жауапкершілікке тартылады. Күн сайын Алматы қаласы бойынша шамамен 30-35 патрульдік маршрут самокатпен шығып, осы құқық бұзушылықтарды анықтауда,– дейді Бостандық ауданы полиция басқармасының қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің бастығы Олжас Елғондиев.

КОНТЕКСТ

Еске сала кетейік, былтыр Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауында самокаттарға қатысты мәселе көтерген болатын.

Бұл тақырып қоғамда қызу талқыланып жатыр. Екі жыл бұрын заңға өзгерістер енгізіліп, жаяу жүргіншілер жолдарымен жүруге шектеулер қойылды. Бірақ қоғамдық орындардағы жағдай айтарлықтай өзгерген жоқ, азаматтар әлі де қауіпке тап болып отыр. Бүгінде осы саланы реттейтін заңнамалық түзетулер дайындалды. Оларды жедел қабылдау қажет. Әрбір азаматтың, әрбір баланың өмірі – баға жетпес құндылық. Мұнда ұсақ-түйек деген болмауы тиіс. Ақыр соңында, бұл – «Қауіпсіз Қазақстанды» құру жолындағы маңызды қадамдар, – деді мемлекет басшысы.

Ал заң 2023 жылғы 29 маусымда қабылданған еді. Дегенмен соңғы жылдары электр самокаттардың қатысуымен болатын жол апаттары жиілеп кетті.

Серіктес жаңалықтары